Бір күнде адам ағзасында 1,0 г-ға дейін холестерин жаңарады: ол бауыр жасушаларында (өт қышқылдары) тотықтырылады және сол мөлшерде өтпен, содан кейін нәжіспен немесе тері майымен шығарылады. Көп мөлшерде холестерин бауырда түзіледі (80%) - эндогенді холестериннің негізгі жеткізушісі, аш ішектің қабырғалары (15%) және теріде (5%). Бос холестерин жаңа жасушалық мембраналардың (әсіресе орталық жүйке жүйесінің жасушаларында көп холестерин), стероидты гормондардың, D дәрумені мен өт қышқылдарының түзілуіне жұмсалады.
Азық-түлік холестерині ішек қуысы арқылы өтіп, холестерин эфиріне айналады, содан кейін құрамында хиломикрондар (ХM) бар триглицеридтермен (ТГ) бірге ол лимфаға, қанға, әрі қарай бауырға жеткізіледі.
Жасушада холестериннің екі түрі бар: біреуі құрылымдық, ол плазмалық мембрананың бөлігі болып табылады, ал екіншісі бос (цитоплазмалық), ол жасуша шамадан тыс түзілген холестеринмен жүктелгенде (осы немесе басқа себептермен) пайда болады. Жасушаның ішінде бос холестерин шектеулі уақыт аралығында ғана болады (өйткені ол улы әсер етеді) және оның артық мөлшері одан белсенді түрде шығарылады.
Атеросклероз - эластикалық және бұлшықет-эластикалық типті (үлкен және орта калибрлі) артериялардың кең таралған созылмалы ауруы, ол атерогенді апопротеин-В бар липопротеиндердің қан тамыр қабырғасына еніп, ары қарай дәнекер тінінің, атероматозды түйіндердің пайда болуымен, ағзаның және жалпы қан айналымының бұзылуымен сипатталады.
Атеросклероздық түйіндер тамырлардың қуысын тарылтады, тіннің (миокард, ми және т.б.) қанмен жабдықталуын нашарлатады, сондықтан олардың гипоксиясы, яғни ишемия (стенокардия стенозы) дамиды. Егер тәждік қан тамырлары түйін орнына өсетін тромбпен бітеліп қалса, миокардтың бір бөлігі тіршілігін жояды - бұл миокард инфарктісі. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) - бұл «біздің дәуір эпидемиясы», қатерлі ісікке қарағанда жыл сайын бұл аурудан көп адам қайтыс болады. Бұл атеросклероздың көріністерінің бірі, сонымен қатар церебральды артериялардың, іштік қолқа мен төменгі аяқ артерияларының, висцеральды артериялардың және жоғарғы тұлға артерияларының зақымдануы бар.