Қан қысымын өлшеу. Тыныс алуды бақылау. Артериалды пульс



бет7/8
Дата05.04.2023
өлшемі32 Kb.
#79519
1   2   3   4   5   6   7   8
2.экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды;
3.аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды.
4.Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады. 

Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы. 

Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.

Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.


Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі:
1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай етіп (науқас назарын басқаға аудару үшін) ұстаңыз. 
2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс алуда) немесе эпигастрий тұсына (іштік типті тыныс алуды) қойыңыз.
3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.

Тыныс алу саны (жиілігі) температуралық параққа тіркеледі. 

Тыныс алу ырғағы - белгілі уақыт аралығында пайда болатын тыныс алу әрекеттері. Егер осы аралықтар біркелкі болса -тыныс алу ырғақты, ал егер әртүрлі болса аритмиялы болады.

Кейбір ауруларда тыныс алу үстіртті (беткей) немесе өте терең болады.

Тыныс алудың патологиялық типтері:
Куссмауль тынысы
- сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады;
Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуі мен сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут);
Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді.
 Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады. 

Тамыр соғуын анықтау, сипаттау. Артериялық қан қысымын өлшеу. 


Тыныс алу жиілігін санау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет