«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ pisa-2018/компьютерлік формат


Жаратылыстану сауаттылығы



бет4/42
Дата15.11.2023
өлшемі6,65 Mb.
#124014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Жаратылыстану сауаттылығы


Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар қоғамның зияткерлік және материалдық сферасына ықпал етеді. PISA тесттерінің «Жаратылыстану сауаттылығы» бағыты төрт компонентті біріктірді.


Бірінші блок. «Контекст» шынайы өмірлік жағдаяттарда берілетін үш тапсырмалар тобын қарастырады. Бұл «Жеке»,
«Әлеуметтік» және «Жаһандық» (Денсаулық, Табиғи ресурстар, Қоршаған орта, Қауіп көздері мен тәуекелдік, жаратылыстану және Технология).
Екінші блок. «Құзыреттер» үш дағды тобын бағалайды, «Білу
және ғылыми сұрақтар қою» (мәселелерді анықтау, басты сөздерді айқындау және негізгі ерекшеліктерін табу), «Құбылыстарды ғылыми түсіндіру» (білімін қолдану, құбылыстарды негіздеу немесе интерпретациялау, білу) және «Ғылыми дәлелдерді қолдану» (қорытындылау мен салдарына баға бере алу).
Үшінші компонент. «Білім» «Физикалық жүйе» (заттың құрылысы, заттың химиялық өзгеруі, қозғалыс, күш және энергия),
«Тірі организмдер жүйесі» (клетка, адам, популяция, экожүйе және биосфера), «Жер және космос» (Жер тарихы, қабықтар) және
«Технология» (ғылым мен технологияның байланысы, өнертабыстары).
Төртінші блок. «Қатынастар» білім алушылардың ғылымға
және зерттеу мәселелеріне қызығушылық таныту дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды.
Сонымен, 15 жастағы жасөспірімдердің танымдық дағдыларын, жаратылыстану құбылыстарын түсіну, дәлелдеу және ғылымға негізделген қорытындылар ұсына білу қабілеттерін мазмұндық блоктар мен жаратылыстану бағытындағы құралдар арқылы анықтауға мүмкіндік береді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет