Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
әдейі-мақсаттылық

әділ-мақсатталмаған,

субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, 

субъективті-мақсатталмаған
 
Қақтығыс жағдайлары мен инцидент параметрлеріне белгілей келе біз түрлі 


қақтығыстарды анықтаймыз. Адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар 
іскерлік деп аталады. 
Іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалды-тұлғалық қақтығысқа ауысады. 
Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер
сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб. 
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама.

Мінездердің сәйкес еместігі,

қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, 

ішкі өкпе және қарсы тұру,

кеңестерді ілу
.
Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің 
сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты 
жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб. 
Топаралық қақтығыс тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа 
түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және 
мақсаттары әртүрі
а) рөльдік қақтығыс бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес 
келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық 
типтері. 
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде 
бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді. 
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады. 
Ішкі тұлғалық қақтығыс ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің 
қарамақарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті 
психологиялық жағдайы ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
64. Тартылған қатысушылар саны бойынша конфликтердің ерекшелігі. (жауап жоқ сұрақ 
түсініксіз) 
Конфликт - қызығушылықтары мен көзқарастары қарама-қайшы келетін жақтардың келіспей қалу 
әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс 
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу 
керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың 
әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-
қайшылықтарды жатқызуға болады. 
65. Қарқындылық дәрежесі бойынша конфликтердің ерекшелігі. 
Конфликт бұл деген жеке тұлғалардың немесе қоғамдық күштердің , кем дегенде екі тараптыңда 
көзқарастарының, қарама-қарсы тұруы және де қақтығысуы болып табылады. 
Конфликт ол мінез-құлық қарқындылығына мен пайда болу дәрежесіне қарай :жеккөрушілік, 
жақтырмаушылық, тіл тигізу және дөрекі түрде күш қолдануға дейін түрленіп ерекшеленеді. 
Психологиялық тұрғыдан қарағанда жеке адамдардың конфликті мінез-құлықтарының жиынтығы, 


бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының тұлғааралық конфликтің топтық конфликтіге 
айналуының мәні бар.
Конфликттің қарқындылығының түрлері: басталған, жалғасып келе жатқан және аяқталған. 
Атап айтқанда белгілі бір уақыт кезеңіндегі адамдардың іс-әрекеттерінің қарқындылығының 
дәрежесін де бағалауға байланысты. Бұл әсіресе конфликтке жаңадан қосылған тұлғалардың рөлін 
дұрыс бағалау үшін керек болады. Біздің көзқарасымыз бойынша конфлиттің қарқындылығының 
басталуы басқа қатысушыға қарсы бағытталған мінез-құлықтың сыртқы белгілеріне байланысты 
шығар. Егер соңғысы бұл белгілерді оған қарсы бағытталған ретніде түсінсе және оларды қарсы 
әрекет ретінде ойласа. Осы конфликт қарқындылығының басталған түрі. 
Конфликтің екінші бір қарқынды түрі ол жалғасып келе жатқан яғни белгілі бір топтың немесе 
ұйымның арасында болатын конфликт. Барлық жағдайларда әр тараптың қарсыласуы, яғни өзара 
іс-әрекеттері жағынан келіспей содан конфликт туындайды. Осылайша конфликт екі жақтың міез-
құлықтарынан басталады. Әдетте оған тараптың бірінің бұрын болып кеткен іс-әрекеті себеп 
болуы мүмкін, бұл жағдайда конфликтті бастаушыны анықтауға мүмкіндік бермейді осы 
жағдайды жалғасып келе жатқан конфликт қарқынынның дәрежесі деп атайды. Мысалы: ТМД 
ұйымында болған конфликтерді кімнің бастағанын анықтау қиын. 
Конфликтің қарқындылығының аяқталу дәрежесі де бір мағыналы емес. Конфликт аяқталуы 
мүмкін, бірақ тараптардың бірінің конфликттен шығуы не оны жоюмен тоқталуы мүмкін. 
Соңында конфликттің ары қарай дамуын тоқтату және мүлдем тоқтату үшінші тұлғалардың 
араласуы нәтижесінде орын алады. Осы конфликт қарқындылығының аяқталу дәрежесі. 
66.Адам өмірінің негізгі саларындағы конфликтер.
Конфликті анықтамасының тағы бір түрі оның философиялық мағынасына негізделген, қарама-
қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт 
қызығушылықтарының, мақсаттарының және олардың арасындағы айырмашылықтарына 
байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар 
мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың 
асқынуының шарықтау шегі. Әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің 
арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар
қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. 
Конфликтті пайдалану тәсілдеріне қарай негізгі үш түрге бөлуге болады. 

Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және 
продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. 
Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді. 

Конфликт диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен 
заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір 
жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады. 

Конфликт үйрету немесе оқыту ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні 
бала үшін оның өзінің мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан 


формасы қажеттіліктер және мотивтер, нақты объект байланысына сенімділігін жоғалтқан 
кезде балаларда конфликт пайда болады. 
Ал негізінен конфликтті негізгі үш салаға бөлді. Олар: тұлғаішілік, педагогикалық және 
мотивациялық конфликт. 

Тұлғаішілік қақтығыстың негізгі сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік 
баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің 
қауіпсіздігіне үрейлену және т.б болып табылады 

Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы 
біріккен іс-әрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық
ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және 
оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы болып табылады. 

Моральдық конфликтті көбінесе этикалық ілімдерде пайдаланамыз. Ол 
әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті 
қайшылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті 
компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, 
құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы 
әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт ретінде қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет