Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет7/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98

Пайдаланған әдебиеттер: 

1  Симонович  С.В.    Общая  информатика.  Новое  издание:  Универсальный  курс  / 

С.В. Симонович.­ СПб.: Питер, 2007.­ 428с.  

2    А.Бозенко,  А.Федоров.  Мультимедиа  для  всех,  Издательство:  М.:  Компьютер­

пресс; Издание 2­е Переплет: мягкий; 252 страниц; 1996 г. ISBN: 5­89959­017­3; Формат: 

стандартный Язык: русский 

3  Леонтьев  В.П.  ПК:  Универсальный  справочник  пользователя  Москва  ОЛМА­

ПРЕСС, 2000. ­ 589 с. : ил. ­ 11000 экз. ­ ISBN 5­224­00404­7 : Б. ц. 

 

 

ӘОЖ 377. 5. 02 



Бекболғанова А.Қ. 

П.ғ.к., аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. 

Алматы, Қазақстан, e-mail: alma_bekbolganova@inbox.ru  

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ КЕШЕНІН ҚҰРУДАҒЫ ГИПЕРМӘТІНДІ 

ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Андатпа.  Мақалада  гипермəтін  жəне  электронды  оқу  кешендерін  құрудың 

дидактикалық  ерекшеліктері  жəне  оқу  материалдарының  құрылымы  қарастырылған. 

Сонымен бірге гипермəтіндік оқыту жүйесінің құрылымын  қалыптастыру үшін қажетті 

материалдарды дайындау мүмкіндіктері көрсетілген. 

Кілт  сөздер:  гипермəтін,  электрондық  оқулық,  мультимедиа,  дидактика,  мəтін, 

сурет, анимация, динамика 



 

Қазіргі кезде  «гипермəтін» термині кеңінен қолданылады. «Гипермəтін» дегеніміз 

мəтіннің  үстіндегі  мəтін  дегенді  білдіреді,  ол  қарапайым  мəтіннің  үстінде  орналасады. 

Гипермəтін  технологиясы  хабарлар  легімен  жемісті  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді 

жəне 

хабарлардың 



құрылымын 

мəтіндік 

материалдармен 

қатар 


графикалық 

материалдарды да қолдана отырып, өз қалауы бойынша жасай алады.  

Гипермəтіннің  негізгі  ерекшелігі  –  онда  гиперсілтемелер  болады.  Олардың 

əрқайсысы  білімгерді  белгілі  бір  бағытқа  жетелейді.  Гипермəтіннің  барлық 

мүмкіндіктерін  тек  компьютер  ғана  ашып  көрсете  алады,  себебі  таңдалған  бағытты 

анықтау  үшін    гиперсілтеме  болып  табылатын  эдементтің  үстінен  (мəтін,  сурет, 

анимация) тышқанмен шертсе болғаны. Гипермəтіндік технология Бүкілəлемдік тордың, 

электрондық  сөздіктер  мен  энциклопедиялардың  жəне  түрлі  ақпараттық  жүйелердің 

негізінде  жатыр.  Бірақ  қолдану  саласына  қарамастан  гипермəтін  əрқашан  ақпаратты 

жылдам іздеудің жолдарын қамтамасыз етеді. 

Кез  келген  білімгер  гипермəтіннің  немесе  гипермедианың  (бұларды  интерактивті 

медиа  деп  атайды)  көмегіне  сүйене  отырып,  статикалық  бейнелермен  қатар 

динамикалық бейнелерді де жасай алады. 

HTML  технологиясында  орындалған  жекелеген  құжаттарды  HTML  беттер  деп 

атайды. Сонымен бірге статикалық, өзгермейтін беттерді жəне пайдаланушының қандай 

да  бір  іс­əрекетінің  негізінде  өзгеретін  динамикалық  мазмұнды  анықтайды.  

Электрондық  оқу  кешенімен  жұмыс  кезінде  негізгі  дидактикалық  принциптерді  жүзеге 

асыру  үшін  динамикалық  гипермəтін  қолданылады,  онда  білім  алушыға  ұсынылатын 



48 

 

материалды  оның  іс­əрекетіне  қарай  жасауға  мүмкіндік  туғызады.  Ол  гипермəтінді 



электрондық оқу кешені иілгіш, өзін­өзі қалыптастыратын жүйе ретінде ұсынады: 

­ динамикалық тұрғыда жасалытын гипермəтіндік беттерді пайдалану қолжетімдік 

принциіпін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ол өз кезегінде саралап оқытуға жағдай 

жасайды; 

­  беттерге  мультимедиа  элементтерін  қосу  үйретуші  ортаны  құруға  мүмкіндік 

жасайды, яғни көрнекілік принрципі жүзеге асады; 

­  гиперсілтемелер  түрлі  материалдарды  табиғи  түрде  байланыстыруға  мүмкіндік 

береді,  сол  арқылы  практикалық  жұмыстарды  орындауда  теориялық  материалды 

қолдануға  жəне  керісінше  жұмыс  жасауға  жағдай  жасайды,  яғни  теория  мен 

практиканың байланыс принципі сақталады; 

­  гипермəтінді  үйретуші  жүйенің  жұмысы  білім  алушы  көрсететін  нəтижелерге 

келтіріледі, яғни кері байланыс арқылы білімнің мықтылығы принципін жүзеге асырады 

[1] 

Дегенмен, дидактикалық талаптар тұрғысынан  қарастырсақ,  гипермəтіннің белгілі 



бір  ерекшелітері  бар,  оларды  электрондық  оқу  кешенін  гипермəтіндік  жобалау  кезінде, 

сонымен бірге оқу­тəрбие үрдісінде қолдануда міндетті түрде ескеру қажет.  

Гипермəтіндік оқыту жүйесі бағдарламалап оқыту принципіне негізделген дəстүрлі 

оқыту  жүйесіне  қайшы  келетіндей  көрінетінін  атап  өткен  жөн.  Бағдарламалап  оқытуда 

білім  алушының  нұсуларды  орындауы    автоматты  түрде  бір  жүйеде  жүргізіледі 

(теориялық  материалмен  жұмыс,  тескеру  тестерін  өту  жəне  т.с.с.).  Ұсынылатын  оқу 

материалын оқытушының стратегиясы анықтайды. 

Гипермəтіндік  оқыту жүйесінде пайдаланушылар сілтемелерден (байланыстардан) 

бірінен  біріне  ауысуда  өз  еркімен  жұмыс  жасайды.  Оқыту  жүйелері  гипермəтінге 

негізделген,  яғни  білім  алушы  оқыту  үрдісін  толық  басқара  алады  десек  болады. 

Сонымен,  гипермəтіндік  оқыту  жүйесінің  ерекшелігі  оқу  үрдісіне  білім  алушының 

жауапкершілігі түрінде көрсетіледі. 

Электрондық  оқу  кешенін  жасау  кезінде  гипермəтіндік  технологияны  қолдану 

авторға көптеген талаптар қояды. 

Біріншіден,  ол  аяқталған  өнімді  көрсетеді  ­    қысқаша  анықтамалық­сөздік, 

энциклопедия,  дəрістер  мəтіні,  немесе  осы  жоғарыда  атлағандардың  бəрі  кіретін 

электронды оқу курсы. 

Екіншіден,  авторда  ұсынылатын  материалдың  тексеруден  өткен  тұжырымдамасы 

болады,  себебі  осындай  тұжырымдаманың  негізінде  электрондық  оқу  кешенін 

дайындауға болады [2]. 

Гипермəтіндік жүйенің ішкі құрылымынан бөлек концептуальдық дизайнмен, яғни 

курстың жекелеген элементтерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін визуалдық 

құрылыммен байланысты негізгі принциптерді таңдау өте маңызды болып табылады. Ол 

білім  алушының  таңдау  мүмкіндігін  анықтайды,  мысалы  арнайы  навигациялық  карта 

немесе  толық  мəтіндік  іздеу  бөлімнің    немесе  пəндік  көрсеткіштің  негізінде 

қарастырылады. 

Гипермəтіндік  технологияны  қолдану  арқылы  электрондық  оқу  кешенін  жасау 

кезіндегі  маңызды  факторлардың  бірі  пəндік  салалар  болып  табылады.  Үлкен  көлемді 

мəтіндік  материалды  қолданумен  сипатталатын  гуманитарлық  пəндер  үшін  жасалаған 

жүйе  ғылыми­жаратылыстану  пəндеріне  арналған  жүйеден  өзгеше  болатыны  белгілі. 

Электрондық  оқу  кешенінің  көмегімен  геометрияны,  астрономияны,  физиканы, 

географияны,  биологияны  оқыту  кезінде  визуализация,  яғни  компьютер  экранында  пəн 

бойынша қарастырылатын мəселелерді көру қажет болады. 

Электрондық  басылымдарды  қарапайым  басылымдар  салыстыратын  болсақ, 

əсіресе  гуманитарлық  сала  бойынша,  иллюстрациялық  материалдар  аз  болады,    көбіне 

мəтін түрінде берілдеді. Ал электрондық басылымдарда пəндік көрсеткіштермен жұмыс 

жасауға  мүмкінді  туады,  сонымен  бірге  бірнеше  материалдарды  салыстыра  отырып 


49 

 

қарастыруға  болады.  Электрондық  оқулықтарда  эвристикалық,  іздену  сияқты  оқыту 



түрлерінде мүмкіндік мол қарастырылған. 

Сызықтық емес көпдеңгейлі жүйе үшін құрылымды жобалау бірінші жəне жоғары 

деңгейдегі  тораптардың  байланыс  жүйесін  құрудан  басталады.  Мұндай  байланыстарды 

үш категорияға бөлуге болады, олар: 

­  байланыстыратын,  басқа  тораптарда  сақталатын  жəне  бөлшектеліп  алынған 

ақпарат үшін, яғни қарастырыталатын сұрақты анықтауда  қолданылатын материал

­  нақтылйтын,  мəтін  мен  оған  сəйкес  суреттердің  ауысуын  бейне  жəне 

анимациялық  үзінділер,  модельдеуші  бағдарламалар  арқылы  қамтамасыз  ететін 

материал; 

­  ассоциативтік,  қысқа  анықтамалық  ақпаратты  қолдануға  мүмкіндік  беретін 

материал [3]. 

Гипермəтіндік 

оқыту 

жүйесінің 



құрылымын 

қалыптастыру 

үшін 

келесі 


материалдарды дайындау қажет, олар: 

­ бөлімдер бойынша жекелеген өзіндік модульдердің деңгейіне дейін бөлшектенген 

курстың толық бағдарламасы; 

­  ассоциативтік  байланыстарды  қалыптастыруға  арналған  анықтамалық  – 

сөздіктер, биграфиялық анықтамалықтар жəне т.б.; 

­  нақтылаушы  байланыстарда  қолданылатын  қосымша  материалдар  тізімі 

(иллюстрациялар, бейнеүзінділер, модельдеуші бағдарламалар); 

­  жоғарыда  аталған  үш  категория  бойынша  байланыс­  сілтемелер  тізімін  енгізетін 

тақырыптық карточкалар. 

Гиперсілтемелердің болуы  білім алушының тілегі бойынша оқу материалының бір 

бөлігінен екінші бөлігіне өту мүмкіндігін береді. Дегенмен, көрсетілген сілтеме арқылы 

ауысу  күрделі  пəндерді  меңгеруде  нəтижелі  бола  бермейді.  Оқытушы  гипермəтінді 

оқыту жүйесіне өз бетімен жұмыс жасауға арналған құралдарды салады жəне оқытудың 

сапасына  қойылатын  талаптардың  орындалуын  қамтмасыз  ететін  оқу  материалын 

меңгерудің 

қатаң 


жүйесін 

ұсынады. 

Гипермəтіннің 

мүмкіндіктерін 

арнайы 

құрылғыларды қолдану арқылы жақсартуға болады. Ол ақпаратты арнайы кілттік сөздер 



арқылы іздеуге арналған арнай новигациялық құралдар болуы мүмкін. 

Мысалы,  барлық  қазіргі  мультимедиалық  электрондық  оқулықтарда  тақырып 

немесе пəндік көрсеткіштер арқылы кешенді іздеу көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. 

Кілттік  сөздердің  белгілі  бір  топтамасын  енгізу  арқылы  көрсетілген  сөздері  бар  мəтін 

бөлімдерінен  бөлек,  соларға  сəйке  бейне  немесе  анимациялық  иллюстрацияларды, 

модельдеуші бағдарламаларды да табуға болады. 

Білім  алушыны  жаңа  көзқарастар  мен  жаңа  байланыстардың  альтеринативасын 

қарастыру  үрдісінде  гипермəтінді  үйретуші  жүйе  шығармашылықтық,  іздеу  іс­

əрекетінде  нəтижелілікті  қамтамасыз  етеді,  əрине  ол  білім  алушының  өздігіне,  мақсат 

қоя білуіне қөп жағдайда тəуелді болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Курманалина  Ш.К.  Методология  и  технология  создания  электронной 

методической  системы  в  условиях  информатизации  образования.  –Алматы.  ­2002.  – 

С.295. 


2  Роберт  И.В.  Современные  информационные  технологии  в  образовании: 

дидактические проблемы, перспективы использования. –М., ­1994. – С.205. 

3  Гершунский  Б.С.  Компьютеризация  в  сфере  образования:  Проблемы  и 

перспективы. –М. ­1987. – С.264. 

 

 

 



 

50 

 

ӘОЖ 377. 5. 02 



Даулетқұлова А.Ө. 

П.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университеті. Алматы, Қазақстан, e-mail: aiguldu@mail.ru  

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ КЕШЕНДЕРІН ЖОБАЛАУ  

 

Андатпа.  Мақалада  электрондық  оқу  кешен  құрастыру  барысында  қойылатын 

талаптар, яғни оның мазмұнына жəне құрылымына қойылатын талаптар қарастырылған. 

Сонымен  бірге  электрондық  оқу  кешенін  құрастырудың  жобалау  кезеңдері  жəне  оның 

негізгі бағыттарды бөліп көрсетілген. 



Кілт 

сөздер: 

электрондық 

оқулық, 

мəтіндер, 

графика, 

анимация, 

инденитфикациялау, концептуализация, формализация, тест, жүйе 

 

Оқу  тəрбие  үрдісіндегі  электрондық  оқу  кешенінің  орны  туралы  айтқанда  қазіргі 

оқу жүйесіндегі ерекшеліктерді ескерген жөн болады, онда оқытудың түрлі формалары 

қатар  жүреді,  ал  олар  үшін  өздік  жұмысқа  арналған  сəйкес  əдістемелік 

қамсыздандырудың  орны  өте  маңызды.  Электрондық  окулық  пен  оқытудың  негізгі 

мақсаты:  оқыту  процесін  үздіксіз  жөне  толық  деңгейде  бақылау,  сонымен  қатар 

ақпараттық  ізденіс кабілетін дамыту.  Білім берудің кез келген  саласында "Электрондық 

оқулықтарды"  пайдалану  білімгерлердің  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай 

ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 

Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  оқытушының  айтқандарын  немесе 

окулықгы  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі 

ақпараттандыру  қоғамында  бұл  оқулықтарды  пайдаланбай  алға  жылжу  мүмкін  емес. 

Осыған  байланысты  электрондық  түрдегі  оқу­əдістемелік  материалдарды  ұсыну  мен 

оның  құрылымы  оларды  қолдану  əдісіне  қарай  өзгеретіндей  болуы  керек.  Нəтижесінде 

көптеген  пайданаушыларға  арналған  кең  көлемдегі  оқу­əдістемелік  ресурстарды 

қамтамасыз ету қажет. 

Педагогикалық 

тəжірибе 

кезінде 

түрлі 


электрондық 

оқу 


материалдары 

қолданылады,  олар:  оқу  жəне  жұмыс  бағдарламалары;  дəрістік  жəне  практикалық 

сабақтардың  жоспар­графиктері;  теориялық  материалдар;  анықтамалықтар  мен 

сөздіктер;  карталар,  сызбалар,  иллюстрациялар;  жаттығулар  мен  тапсырмалар  жинағы, 

олардың  орындалуы  бойынша  əдістемелік  нұсқаулар;  рефераттар  тақырыптары  жəне 

т.б.;  өзін­өзі  тексеру  сұрақтары  мен  тестер;  компьютерлік  эксперименттер  өткізуге 

арналған 

модельдеуші 

(арнайы 

деректер 

базасын 

қолдану 


мүмкіндігі 

бар) 


бағдарламалар; оқыту сапасын бақылауға арналған бағдарламалар. 

Жоғарыда  аталған  электрондық  материалдардың  əдістемелік  жəне  технологиялық 

жүйеленуі  электрондық  оқу  кешенінің  кезеңмен  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді.  Ол 

автоматтандырылған оқыту жəне бақылау жүйелерінің, модельдеуші бағдарламалардың 

жəне ақпараттық­қатынастық қамсыздандырудың бағдарламалық құралдардың қызметін 

атқарады.  

Қазіргі  уақытта  электрондық  окулықгың  кандай  екендігі  туралы  біртұтас  ой  жоқ. 

Электрондық  окулық  дегеніміз  ­  мультимедиялық  оқулық,  сондықтан  электрондық 

оқулықтың  құрылымы  сапалы  жаңа  деңгейде  болуы  тиіс.  Электрондық  оқулық 

білімгердің  уақытын  үнемдейді,  оқу  материалдарын  іздеп  отырмай,  білімгердің  өтілген 

жəне ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.  

Электрондық  оқу  кешені  тек  қашытықтан  оқыту  жүйесіне  ғана  еніп  қойған  жоқ,  

сонымен  бірге  ол  дəстүрлі  күндізгі  оқу  жүйесіне  де  енгізілді.  Электрондық  оқу  кешені 

түрлі  мақсаттарда  пайдаланылады,  олар:  білім  алушылардың  жаңа  материалды  өз 

бетімен  меңгеруін  қамтамасыз  ету,  оқу  іс­əрекетін  саралап  жүзеге  асыру,    оқытудың 


51 

 

сапасын  бақылау  жəне  т.б.  Түрлі  оқу  орындарында  электрондық  оқу  кешені  жеткілікті 



түрде жасалған жəне олар əр түрлі пəндік аймақты қамтиды.  

Электрондық  оқу  кешенін  жобалау  кезінде  алдымен  оның  оқу­тəрбие  үрдісінің 

нəтижелілігін 

көтеретіндей 

технологиялық 

сипатта 


болуын 

қадағалау 

керек. 

Автоматтандырылған  оқыту  жүйесі  сипатында  электрондық  оқу  кешені  келесі 



функцияларды атқаруы қажет: 

­ оқу пəнін меңгеруде білім алушының іс­əрекетін нəтижелі басқару; 

­ оқу­танымдық іс­əрекетті  жігерлендіру; 

­ оқу­танымдық  іс­əрекеттің  əр  түрінің  сəйкестенуін  оңтайландыру,  бұл  жерде 

олардың əрқайсысының дидактикалық ерекшеліктерін ескеру қажет; 

­ материалды берудің түрлі технологиясын тиімді түрде үйлестіру (мəтін, графика, 

аудио, бейне, анимация); 

­ желіде  виртуальды  семинарларды,  дискуссияларды,  ойындарды  жəне  т.б. 

орналастыруды қатынастық технологияның негізінде қамтамасыз ету [1]. 

Электрондық  оқу  кешеніне  қойлатын  жалпы  талаптардан  бөлек  оқулық  түріндегі 

электрондық  басылымдарға  қойылатын  арнайы  талаптар  бар.  Олар  талаптардың  негізгі 

үш  категориясына  бөлінеді:  мазмұнына,  құрылымына  жəне  техникалық  тұрғыда 

орындалуына. 

Электрондық  оқу  кешенінің  мазмұны  нақты  пəндік  саланың  толықтығын, 

педагогикалық жəне əдістемелік тəсілдерді пайдаланудың нəтижелілігін қамтамасыз етуі 

керек, соның ішінде: 

­  Мемлекеттік  білім  стандартына  сəйкес  материал  көлемінің  жеткілікті  болуы, 

өзектілігі, жаңалығы жəне ерекшелігі

­ фактографиялық, практикалық мазмұндылығы, жүйелілігі жəне тұтастығы; 

­ оқу материалын ұсыну əдістемесінің педагогикалық қалыптасуы, бақылау жүйесі, 

вариативтік принциптеріне сəйкестігі. 

Электрондық  оқу  кешені  ерекше  маңыздылығын  ескере  отырып  өзіндік  жұмысты 

қамтамасыз ету үшін талаптар жүйесіне келесі мəселелерді енгізу қажет, олар: 

­  теориялық  материалды  нақты  түсіндіру,  білім  алушылардың  арнайы  сызба 

арқылы барлық қажетті білімді меңгере алу мүмкіндігі; 

­ мақсат қоюдың ерекше нақтылығы

­ тапсырманы орындауда келтірілген мысалдарды толық түсіндіру; 

­  білім  алушылардың  танымдық  белсендігін  арттырудың  түрлі  əдістері  мен 

құралдарын қолдану [2]. 

Қазіргі  кездегі  түсінік  бойынша    электрондық  оқу  кешенін  оқытудың  ақпараттық 

технологиясы  арқылы  оқу­тəрбие  үрдісін  қамсыздандыратын  күрделі  дидактикалық 

жүйе  болып  табылады.  Электрондық  оқу  кешеніне  келесі  функциональдық  блоктар 

кіреді,  олар:  ақпараттық­мазмұндық,    коммуникативті­бақылау  жəне  коррекциялық­

жалпылау. 

Ақпараттық­мазмұндық блокта екі болкшалар бар. 

Ақпараттық:  

­ оқылатын курс немесе нақты тақырып бойынша жалпы ақпарат; 

­ курсты (тақырыпты) оқудың мерзімі; 

­ оқу пəні бойынша тақырыптар мен бөлімдердің өтілу графигі

­ есеп беру уақыты жəне формасы; 

­ қатынас  құралдарын  қолдану  арқылы  практикалық  жəне  семинар  сабақтарын 

өткізу графигі (электрондық пошта, теле жəне бейнеконференциялар, т.б.). 

Мазмұндық: 

­оқу жоспарлары, оқу жəне жұмыс бағдарламалары; 

­ 

оқулықтар, 



есептер 

жинағы, 


оқу 

құралдары, 

əдістемелік 

нұсқаулар, 

анықтамалықтар; 

­ семнарлардың ашық жоспарлары; 



52 

 

­ негізгі жəне қосымша əдебиеттер тізімі; 



­ пəн бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарының тізімі; 

­  электронды  материалдармен  жұмыс  жасау  туралы  берілетін  əдістемелік 

ұсыныстар. 

Коммуникативті­бақылау болгы: 

­білім  алушының  бастапқы  дайындық  деңгейін  анықтауға,  аралық  жəне 

қорытынды бақылауға арналған тестілеу жүйесі; 

­ ағымдық бақылауға арналған сұрақтар

­ сынақтар мен емтихандарға арналған сұрақтар; 

­ бағалау критериі. 

Коммуниативті  –  бақылау  блогындағы  ақпараттық­бағдарламалық  құрауыштар 

бақылаудың  бірнеше  түрін  қамтамасыз  етеді,  олар:  алдын­ала,  ағымды,  аралық  жəне 

қорытынды  бақылау.  Электрондық  оқу  кешенінде  тестілеу  жүйесін  ұйымдастырудың 

бірнеше  нұсқсы  мүмкін  болады.  Өзін­өзі  тексеру  мен  ағымды  тексеру  үшін  кері 

байланысы бар бақылаушы бағдарламалар қолданылады. 

Коррекциялық­жалпылау  блогы:  білім  үрдісіндегі  педагогикалық  мониторингтің 

нəтижелеріне келесі мəселелер енеді, олар: 

­ білім алушылардың жұмысының қорытынды нəтижесі; 

­ оқу­танымдық іс­əрекеттің диагностикасы; 

­ түрлі  бақылаулардың  нəтижелерін  талдау.  Осы  аталған  деректердің  негізінде 

əрбір  білім  алушы  туралы  ақпарат  жинақтаған  деректер  базасы  құрылады.  Коррктілі 

ұйымдастырушы  мониторинг  білім  алушылардың  дамуын  жобалауға,  электрондық  оқу 

кешенінің  құрылымын,  мазмұнын  жəне  оқу­тəрбие  үрдісін  ұйымдастыру  принциптерін 

жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Оқу  –  тəрбие  үрдісінде  электрондық  оқу  кешенін  нəтижелі  қолдану  үшін  оның 

мазмұны  ғана  емес,  сонымен  бірге  техникалық  параметрлері  де  маңызды  болып 

табылады. Бұл жердегі негізгі талаптар мыналар: 

­  қажетті  жадыны  талап  ететін  көлемінің  тиімділігі,  пайдаланушы  үшін 

қолжетімділігі; 

­ электрондық оқу кешеніне арналған бағдарламалық өнімдердің орындалуы; 

­  бағдарламалардың  жүзеге  асуының  сапалығы,  периферийялық  құрылғылар 

жұмысының дұрыстығы; 

­ электрондық оқу кешенінің интербелсенді жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі 

[3]. 

Қазіргі  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктері,  ақпараттық  мəдениеттің  өсуі 



оқытушыларды  электрондық  оқу  кешенін  жасауға  тарту  мүмкіншілігін  туғызады. 

Электрондық  оқу  кешенін  жобалау  кезінде  келесі  негізгі  бағыттарды  бөліп  алуға 

болады,  олар:  мəселені  идентификациялау,  концептуализациялау,  формализациялау, 

жүзеге асыру жəне тестілеу. 

Инденитфикациялау  үрдіске  қатысушылардың  рөлін,  орындалатын  тапсырманың 

сипаттамасын,  мақсатын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  кезеңде  жұмыс  тобының 

құрамы  анықталады,  қажет  болған  жағдайда  қосымша  дайындық  мəселесі  шешіледі: 

оқытушылар үшін – ақпараттық технологиялар саласы бойынша, бағдарламашылар үшін 

– нақты пəндік салаға байланысты дидактикалық материалдарды көрсету ерекшеліктері 

негізінде туындаған сұрақтар бойынша. 

Концептуализация  оқу  пəнінің  мақсатын,  маңызын,  мазмұнын,  яғни  білім 

базасының  концептуальдық  негізін  белгілейді.  Оқытушы  электрондық  оқу  кешенінде 

қандай ақпарат берілуі керек екендігін (мəтіндер, графика, анимация, сөздік жəне бейне 

үзінділер),  олардың  арасында  қандай  байланыс  болатындығын  анықтайды.  Мысалы, 

білімді тексеру кезінде қандай дыбыстық қосымша берілуі керек, мəтінмен жүргізілетін 

статикалық  графиктер  жəне  анимациялық  роликтер  түрінде  қандай  материалдар 

ұсынылғаны дұрыс болады жəне т.с.с. 


53 

 

Формализация  электрондық  оқу  кешенін  қолдану  арқылы  шығарылатын 



дидактикалық  тапсырмаларды  талдауды,  сонымен  бірге  электрондық  оқу  кешенінің 

негізін  құрайтын  деректер  мен  технологияның  сипаттамасы  мен  оқыту  процесінің 

моделі  негізінде  дидактикалық  тапсырмаларды  орындаудың  мүмкін  болатын  əдістерін 

іздестіруді жəне қалыптастыруды ұсынады. Бұл кезеңде білім алушыларға дидактикалық 

материалдардың,  бағалау  жəне  кері  байланыс  принциптерінің  мүмкін  сценариі 

оқытылады,  содан  кейін  білім  алушылардың  электрондық  оқу  кешенімен  өзара 

байланысының алгоритмі құрылады. 

Жүзеге  асыру  дидактикалық  тапсырмалардың  формализацияланған  орындалу 

əдістерінің  соңғы  схемаға  ауысуын  көрсетеді,  ол  ерекшелігі  жүзеге  асыруға  арналған 

ақпараттық  технологиямен  анықталған,    автоматтандырылған  оқыту  жүйесі  арқылы 

беріледі. 

Тестілеу  кезеңінде  білім  алушыға  электрондық  оқу  кешенімен  жұмыс  жасау 

қабілетін  тексеретін  жəне  оның  мүмкін  болатын  олқылықтарын  анықтайтын 

тарсырмалар ұсынылады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет