Қарастырылатын сұрақтар



бет7/8
Дата16.12.2022
өлшемі36,81 Kb.
#57724
1   2   3   4   5   6   7   8
Бұйрықтар жүйесі. Кестелік процессордың бұйрықтары иерархиялық жүйесімен ұйымдастырылған, оның жоғарғы деңгейі бас мәзір болып табылады. Сонымен қатар, бұйрықтарды саймандар тақтасы, мәнмәтіндік мәзір, «ыстық пернелер» арқылы орындатуға болады. Оқушыларды осы әдістердің бәрін қолдануына дағдыландыру қажет.
Кестені редакциялау бұйрықтары – кестенің үзінділерімен әртүрлі – жою, көшірмелеу, орнын ауыстыру, кірістіру сияқты ісәрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бағаналардарды немесе жолдарды кірістіру және жою кестенің басқа бағаналары мен жолдарын жылжытады. Бұл ретте кестедегі салыстырмалы адрестеу автоматты түрде формулалардағы адрестерді өзертеді.
Пішімдеу бұйрықтары – кестенің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Пішім элементтеріне мыналар жатады:
▪ ұяшықтың шекараларына қарағанда деректерді туралау бағыттары;
▪ жолдың биіктігі және бағананың ені;
шрифттің типі, кескіні және өлшемі;
▪ сандарды ұсыну пішімі (әдеттегі, экспоненциалды, разрядтылығы);
▪ кестені сызықтау түрі;
▪ фонның түсі және т.б.
Файлдармен жұмыс жасау бұйрықтарына файлды ашу, сақтау, жасалған құжатты баспаға шығаруды ұйымдастыру сияқты стандартты бұйрықтар жиыны кіреді.
Кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау бүйрықтары. Электрондық процессордың кестеден деректерді іздеу және таңдау қабілеттілігі, күрделі емес деректер қоры ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Деректер қорында жұмыс жазбамен және өрістермен жасалады. Электрондық кестелерде деректер қоры ретінде кестенің 137 өзі: жазбалар – кестенің жолдары, өрістер – бағаналар болады.
Деректерді іздеуді және алуды ұйымдастыру үшін мынадай тапсырыстар жасау қажет:
▪ кіру блогын – яғни деректер сақталған ұяшықтар диапазонын (жазбаларды және өрістерді); маңызды талап: бұл блоктағы барлық жолдар біртекті болуға тиіс;
▪ өлшем блогын – шарттан тұратын ұяшықтар диапазонын; осы шартқа сәйкес кіру блогынан іздеу және іріктеу жүзеге асады;
▪ шығару блогын – яғни шартқа сәйкес кіру блогынан шығарылған деректерді жазатын ұяшықтар диапазонын. Осы блоктарды тапсыру арнайы бұйрықтармен жүзеге асады.
Кестенің жолдарын іріктеу анықталған бағананың мәндері бойынша жүзеге асады. Бұйрықта мәндердің іріктеу реті: өсу немесе кему нүсқалады.
Деректерді графикалық өңдеу бүйрықтары – диаграммалар түрінде, сандық ақпаратты бейнелеуге мүмкіндік береді. Графикалық режімнің бұйрықтарын екі топқа бөлуге болады:
▪ диаграммаларды сипаттау бұйрықтары (графикалық түрде шығарылатын деректерді тапсыру, диаграмманың типін және т.с.с.);
▪ диаграмманы шығару бұйрықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет