Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Иқан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қысқа мерзімді (сабақ)



Дата20.04.2023
өлшемі432,78 Kb.
#84894
түріСабақ
Байланысты:
3-сынып-КМЖ 19


Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты
«Иқан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
цифрлық сауаттылық
(пән атауы)

Бөлім:

Робототехника. Жоба

Педагогтің аты-жөні

Марипов Шодиёр Абдумухитович

Күні:

18.01.2023 жыл

Сынып: 3 «А», 3 «Ә», 3 «Ғ»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні:

19.01.2023 жыл

Сынып: 3 «Б», 3 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні:

20.01.2023 жыл

Сынып: 3 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жобаға идея

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3. 1. 1. 1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану;
3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;
3.2.1.3. мәтінді өңдеу.

Сабақтың мақсаты

  • Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтіндерді өңдеуді үйрену.

Бағалау критерийі

  • Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтіндерді өңдеуді үйренеді.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
7-8 минут

Сәлемдесу.
Психологиялық көңіл күйді қалыпқа келтіру.
Үйге тапсырманы сұрау мақсатында сұрақтарға жауап береді, «Сұрақ-жауап» әдісі.



Мұғаліммен амандасады.
Дәптер кітапта-рын алып, сабаққа дайындалады.
Сабақ алдында ойларын шоғырлан-дырады. Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

«Көршіңді бағала» әдісі
Әрбір оқушыға бір сұрақ беріледі, дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

Компьютер, ноутбук, оқулық, жұмыс дәптері, презентация

Ортасы
30 минут

Мәтінді редакциялау жолдарымен әрі қарай танысайық. Мәтінді редакциялау әдістері барлық мәтіндік редакторларда ұқсас болады. Мәтін символ, сөз, жол мен абзацтан тұрады. Мәтінді редакциялаған кезде тінтуірдің көмегімен мәтінді ерекшелеген ыңғайлы.

Құжатта жылжу:

  • Ctrl + солға / оңға нұсқар: меңзерді бір сөзге солға немесе оңға жылжыту;

  • Ctrl + жоғары / төмен нұсқар: меңзерді бір абзацқа жоғары немесе төмен жылжыту;

  • End: жолдың соңына жылдам өту;

  • Ctrl + End: құжаттың соңына жылдам өту;

  • Home: жолдың басына жылдам өту;

  • Ctrl + Home: құжаттың басына жылдам өту.

Мәтінді редакциялау:

  • Backspace: меңзердің алдында орналасқан бір символды жою;

  • Ctrl + Backspace: меңзердің алдында орналасқан сөзді жою;

  • Delete: меңзерден кейін орналасқан символды жою;

  • Ctrl + Delete: меңзерден кейін орналасқан сөзді жою;

  • Ctrl + C: таңдалған мәтін үзіндісін айырбастау буферіне көшіру;

  • Ctrl + X: таңдалған мәтін үзіндісін айырбастау буферіне жылжыту;

  • Ctrl + V: айырбастау буферіндегі сөзді меңзер орналасқан мәтінге кірістіру.

– Ctrl + C пернелер тіркесімін пайдаланған кезде таңдалған үзіндінің көшірмесі жасалады, Ctrl + X пернелер тіркесімін пайдалану кезінде үзінді құжаттың басқа жеріне ауысады.
– Тұтас мәтіннің үзіндісін белгілеу үшін Shift + жоғары, төмен, оңға немесе солға нұсқарлар пайдаланылады; әртүрлі жерде орналасқан мәтінді белгілеу үшін Ctrl + тінтуір қолданылады.
– Тінтуірмен үзіндіні белгілеу үшін меңзерді қажетті позицияға қою керек, сосын тінтуірдің батырмасын басып тұрып, белгіленген мәтін бағытында қозғалу керек.
1-тапсырма. Практикалық жұмыс. Компьютерде берілген мәтінде тереді
2-тапсырма. Learning.apps жүйесінде тапсырма орындау

Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
Мұғалімді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді


Дескриптор:
- мәтін тереді
- мәтінді пішімдейді

Қалыптас-тырушы бағалау
Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

ҚБ


Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, проектор, презентация

Компьютер



Оқулық ,
компьютер

Соңы
7-8 минут

Сабақты қорытындылау
2.Кері байланыс: «СМС» әдісі

  1. Сенің меңгергенің ...

  2. Ең қиыны ...

  3. Ең пайдалысы ...

  4. Тағы үйренгің келетіні ...

Бағалау
Үйге тапсырма: тақырыпты әңгімелеу

Кері байланыс беру

Кері байланыс беру
Қорытын-ды қалып-тастырушы бағалау жүргізу





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет