Ары білім министрлігі


Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жазбаша жұмыстардың түрлері 2.1 Жазбаша жұмыс түрлері



бет4/6
Дата27.04.2023
өлшемі64,65 Kb.
#87372
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бота қазақ тілі

2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жазбаша жұмыстардың түрлері
2.1 Жазбаша жұмыс түрлері

Тіл дамыту сабағында осы стратегияны қабылдауға дайындалғанда мұғалім мәтінді бірнеше бөліктерге бөледі. Биюмнің сұрақ қою өлшемі бойынша әр бөлімге сұрақтар әзірленеді. Негізінен оқушылардың талдау, жинақтау, түсіну, қолдану, бағалау дағдыларын арттыратын сұрақтарды қойған дұрыс.


Мұндай сабақты бастамас бұрын ең алдымен сыныпта шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасын жасау керек, яғни RWCT бойынша қолайлы орта туғызу қажет. Ол үшін оқушылардың өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында жақсылыққа аламыз (тақтаға көрнекті жерге іліп те қоюға болады).
Жұмыс жасаудың ережелері;
Жұмысқа белсенді қатысу:
Бір – бірімізді болмай тыңдау;
Бір – бірімізді мұқатпау;
Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу;
Бағытталған мазмұндамаға байланысты өткізілген сабақ жоспары:
Тақырып: «Жаман жолдас».
Мәтінді алдын-ала 5 бөлікке бөліп, сұрақтары дайындалып қойылады. 1-қадам. Балалардың «жолдас» сөзін қалай түсінетінін, осы сөзге мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі жауап береді: «Бірге оқитын», «Құрбы», «Дос», «Серік» т.б. әр оқушы өз жауаптарын жобаға жазады.
2-қадам. Мәтіннің аты оқылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?
Балалар: Екі дос жайлы; Достық, жолдастық жайлы, Жаман адам туралы; т.б. 3-қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады. Мәтінді белгіленген жерге дейін 1-бөлім оқылады: «Екі дос жігіт жол үстінде келе жатып, бір аюға ұшырасыпты. Дұл екі жігіттің біреуі әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».
Балалар өздерінің болжаған, айтқан ойларымен салыстыра отыра, мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ қойылады. (Ескерту: Әңгімелесу, пікірлесу әр бөліктен кейін төмендегі сызба бойынша жүргізіледі: мұғалімнің сұрағы – жеке ойлау – жұппен талдау – жобаға жазу – топта талқылау).
– Аю деген не?
– Ол қайда өмір сүреді?
– Екі достың түр-пішінін жазушы қалай сипаттайды? («Біреуін-ауру, әлсіз; екіншісін-мықты»).
Мәтіннің бұл бөліміне қандай ат қоюға болады? (Әрбір оқушы өз жобасына өзінің бөлімге қойған атын жобасына өзінің бөлімге қойған атын жазады, жұппен талқылайды, топта талқылайды) «Жолда», «Жол үстінде», «Орманда», т.б.
Ескерту: Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтада жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.
– Балалар, қалай ойлайсыңдар тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше, екі дос туралы, «Қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»)
1-қадам. Мәтіннің 2-бөлігі оқылады: «Аюды көрген кезде, әлгі мықты жігіт ауру жолдасын кейін тастап, өзі жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді».
Әңгімелесу ары қарай жүргізіледі:
– Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып кетті?
– Ауру жігіт не істейді?
– Бұл бөлікке қандай ат қоюға болатынын жазыңдар. (Қорқақ,Қашу т.б.)
2-қадам. Мәтіннің 3-бөлігі оқылады: «Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені болмай, жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен».
– Неліктен ауру жігіт жата қалды? (Амалсыздан, Қаша алмайды, т.б.).
– Автор ауру жігіттің жата қалуын қалай сипаттайды? (Әлпетінен, Өлген кісідей, Дем алмастан).
– Шынымен аю өлген кісіге тимей ме? («Тимейді», «Тиісейін деп жатқанда аңшылар келіп қалды да, аюды атып түсірді» т.б.)
– Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? (Айла, Табылған ақыл. Амалсыздық т.б.)
3-қадам. Мәтіннің 4-бөлімі оқылады: «Аю бұл жатқан жігіттің қасына келіп, иіскелеп, дыбысы мен демі білінбеген соң жөніне тартып кетті. Аю кеткен соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жігіттен сұрапты:
– Достым, аю құлағына не деп сыбырлап кетті?»
– Аю жатқан жігітке неліктен тиіспеді?(Аш емес шығар, Өліп қалған т.б.)
– Аю жігіттің құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсыңдар? («Әттең аш емеспін – бір, сен тірі емессің – екі», «Жаманмен дос болма» т.б).
– Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Қуаныш», «Тірі қалуы» т.б.). 4-қадам. Соңғы бөлігі оқылады: Сонда жігіт тұрып:
– Аю құлағыма ақыл сыбырлады: екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын, өзінің ғана басын қорғайтын «доспен» жолдас болма деді, – депті
– Әңгіме қалай аяқталды?
– Аюдың берген ақылын сендер қалай қабылдайсыңдар?
– Бөлімге қандай ат коюға болады? («Аюдың ақылы», «Кеңес» т.б).
5-қадам. Бөлімдер бойынша мәтінді талқылап болған соң, мәтін үзіліссіз екінші рет оқылады.
– Оқушылар жоспарларын таза қағаздарына көшіреді. Әркім өз жобасына өз қалауы бойынша өзгерістер енгізе, әңгімеден алған әсерін негізге ала отырып жазады.
– Содан кейін оқушыларға тапсырма беріледі.
Мазмұндаманың соның талқылаумен аяқта: «Мықты жігіттің әрекетіне баға бер».
Әркім өз жобасына сүйене отырып, мазмұндама жазады.
Мәтінді кезеңдеп, бөліктерге бөліп оқу, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақтар қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардын әртүрлілігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың мазмұндаманы қызығушылықпен жазуына, жұмыстың жемісті болуына көп әсерін тигізді. Бұл жұмысты балалардың барлығы зор қызуғышылықпен орындады. Қиындықтарға да кездестік. Ойткені бағытталған мазмұндама жазу өте күрделі де қызықты процесс.
Тиімді жағы: Әр оқушы әңгімеге, оқиғаға деген жеке дара өз көзқарасын, ой-пікірін жазғандары мазмұндамаларынан айқын байқалып тұрды. Көп оқушылар мазмұндама аяғына өз пікірлерін, ойларын қорытып жаза алды. 
Бастауыш сыныптарда жазбаша тіл дамыту үшін шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Мазмұндама мен шығарма балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, түсінігін, өресін, жазу мәдениетін дамытуға бағытталады. Оқушылар оқығандарын ауызша баяндағанда бір тақырып төңірегінде сөйлетіп қоймай, келешекте шығарма жазатындай етіп ойластыру керек. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдері ретінде өз бағдарламамызды ұсынып отырмыз.
Бастауыш сыныптардағы шығарма, мазмұндама жұмыстарының көлемі көбіне шағын болады. Солай болғанымен бағдарламада байланыстырып сөйлеуге шығарма мен мазмұндама жазуға арнайы уақыт бөлінген. Балалар оқыған шығармаларын қарапайым талдау жасаумен, анығырақ айтқанда шығарма кейіпкеріне мінездеме беру үшін материал іріктеп алу, олардың іс-әрекеттеріне баға беру, мәтіннен қанатты сөздерді теріп алу сияқты дағдыларды да меңгереді. Оқушылардың айналадағы өмір туралы түсінігі мен ұғымын дұрыс қалыптастыру – оқу сабағының аса маңызды міндеті. Бұл міндет балаларды нактылы заттармен, адам өміріне және табиғат тіршілігіне байланысты фактілермен әр түрлі құбылыстармен үздіксіз және белгілі бір мақсатпен таныстырып отыру арқылы жүзеге асырылады.
Шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы баяндау. Шығармаларды мынадай топтарға жіктеуге болады:
1) оқушылардың оқыған, яғни естіген әңгімелеріне байланысты:
2) саяхатқа шыққаны бойынша;
3) өнер саласына (сурет, кино, т.б.) байланысты.
4) оқушылардың өз іс – әрекетіне (ойын, еңбек, т.б,) байланысты. Оқушылардың оқыған, яки естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жұмысы кезінде сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыптастыру үшін оларды үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудін пайдасы зор.
Шығарманын бұл түрінің білімділік, тәрбиелік мәні зор. Мұндағы ұтымды мәселенің бір ұшы бала өзін қоршаған айналаға сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, кішіпейілділік пен дөрекілікті байқайды. Балаларды сөйлеткенде олардың сөйлемдері қысқа әрі түсінікті, жүйелі құрылуына назар аударып, айтып отырған әңгімелеріне үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін қадағалап, кейін осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануға болады. Ол үшін жетекші сұрақ қойып отыру керек. Оқушылардың оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыруға болады.
Адам мәдениеті деңгейінің, ой өрісінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – сөз. Бала түйсігіндегі жекеленген сөздер бірте-бірте байып, күрделеніп, қолданысқа еніп отыруы тиіс. Өйтпеген жағдайда сөздік қоры жұтаң адамның қоғамдық өмірге белсене араласа алмайтыны сияқты, сөздік қоры қалыптаспаған оқушыдан нәтижелі сабақ үлгерімін күту де бекер.
Бастауыш сынып оқушысының тілін дамытудың ұтымды құралы – шығарма. Нақ осы шығарма жазу кезінде ғана оқушы өмірден көргенін оралымды сөзге айналдыруды үйрене алады. Шығарма, бірінші сыныптағы ауызша шағын хабар, әңгімеден бастап оқу-тәрбиелік маңызы мен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына, өмірлік белсенділігін арттыруға септігін тигізер жоспарлы да мағыналы ақыл-ой жұмысына айналуы тиіс. Өйткені ол оқушының ой дербестігін, белсенділігін, іске берілгендігін, текске өз жанынан бірдеңе қосуын қажетсінетін жұмыс. Шикізат даярлау, оны жүйелеу, әңгіменің, шығарманың композициясы мен жоспарын ойластыру, сөз іріктеу, логикалық байланысқа түсіру, сөйлем құрау, емле қатесін тексеру- осының бәрі шығарма жазу кезінде соқпай өтуге болмайтын процестер. Әсіресе, 1-2 сыныптарда өз ойындағысын жазбаша білдіру балаларға біраз қиынға соғады. Осындай қиындықтың салдарынан шығарма, мазмұндама жұмыстары жүргізілмей қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет