Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ



бет17/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
- тұрақтандыру қызметі – жалдамалы жұмысшылардың тіршілік әрекетіне маңызды сұрақтар бойынша әлеуметтік субъектілердің мүдделерін қиыстыру – әлеуметтік қорғау деңгейі; әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғалар тобы; әлеуметтік субъектілер арасында қаржылық жүктемені бөліп тарату; әлеуметтік сақтандыруды басқаруға қатысу.
ҚР мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру келесі түрлерге бөлінеді:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айырылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидалары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндет-тiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.
Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Рес-публикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республика-сының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайдағы әлеуметтiк төлем өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, тағайындалады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер;
3) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыруды жүргiзу мен белгiлеу туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды. Құжаттарды ресiмдеу мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан аспауға тиіс.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем адамдардың әлеуметтiк төлемдер тағайындауға өтiнiш берген күннен бастап, еңбек ету қабiлетiнен айрылды деп белгiленген барлық кезеңге тағайындалады. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген жағдайда әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айрылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды. Қайта куәландырылушы еңбек етуге қабiлеттi деп танылған жағдайда, әлеуметтiк төлемдi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны еңбек етуге қабiлеттi деп шешiм шығарған күннен бастап әлеуметтiк төлем тоқтатылады. Бұл ретте уәкiлеттi орган орталыққа және оның құрылымдық бөлiмшелерiне шығарылған шешiм туралы үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлем-дердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың Қазақстан Республикасының заң актiле-рiнде белгiленген ең төмен жалақының сексен процентiн шегергендегi орта-ша айлық мөлшерiн табысты алмастырудың, еңбек ету қабiлетiнен айрылу мен қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте табысты алмастыру коэффициентi - 0,6 болады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi: жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi сексеннен жүз пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,7; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,5; жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын еңбек ету қабiлетiнен айрылған адамдар үшiн - 0,3 пайыз болады.
Қатысу өтілінің коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн: алты айдан кем болғанда - 0,1; алты айдан он екi айға дейiн - 0,7; он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - 0,85; отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн - 0,9; қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн - 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.
Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен кезде еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайында берiлетiн әлеуметтiк төлемдер тоқтатылады. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы-сының мына отбасы мүшелерi асыраушысынан айрылған жағдайда әлеумет-тiк төлемдер тағайындалуына және алуға құқылы:
1) Он сегiз жасқа толмаған және, егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi. Бұл ретте аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер осы тармақ-шада аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсiби бiлiм беретiн оқу орын-дарының орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм беретiн күндiзгi нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтiк төлем оқу орнын бiтiргенге дейiн берiледi.
2) Жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының бiреуi немесе жұбайы, не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, егер ол қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының бiр жарым жасқа толмаған балаларын, аға-iнiле-рiн, апа-сiңлiлерiн немесе немерелерiн күтiп-бағумен айналысатын болса.
Өздерi үшiн мiндеттi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген ата-ананың - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республика-сының заң актiлерiне сәйкес айрылып қалған әрбiр ата-ана үшiн асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленедi.
Бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешiмi;
4) қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәлiктер);
5) отбасы мүшелерiнiң оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);
6) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);
7) мүгедектiк тобын куәландыруды жүргiзу және белгiлеу туралы мәлiметтер (он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi мен немерелерi бала кезiнен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда) қоса тiрке-ледi.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлем үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.
Әлеуметтiк төлемнiң үлесiн бөлу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.
Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi санының өзгергенi және тиiсiнше әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiмдi әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Бұл peттe әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейедi немесе азаяды.
Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының сексен пайызы шегерiлген орташа айлық мөлшерi табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады.
Асыраушысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлем алу құқығы сақталатын кезең бойына ай сайын төленiп тұрады.
Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтан-дыру жүйесiне өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушы қайтыс болғанға дейiн асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы бiр адам болса - 0,4, асырауында екi адам болса - 0,5, асырауында үш адам болса - 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса - 0,8 болады.
Жұмысынан айрылған жағдайда берiлетiн әлеуметтiк төлем жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға адам жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер;
3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi.
Жұмысынан айрылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әлеуметтiк аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген соңғы жиырма төрт ай iшiндегi табыстың орташа айлық мөлшерiн тиiсiнше табысты алмастыру коэффициенттерiне және қатысу стажының коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады. Бұл ретте кiрiстi алмастыру коэффициентi - 0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 21-бабына сәйкес есептеледi.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген жағдайда, оның жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi күнтiзбелiк есептеумен алғанда:
- алты айдан он екi айға дейiн - кемiнде бiр ай үшiн;
- он екi айдан жиырма төрт айға дейiн - екi ай бойы;
- жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн - үш ай бойы;
- отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бap.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет