Ас қорту мүшелерінің патологиясы


Ішектің өткізгіштігінің бұзылуы әсерінен болатын өлім



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі30 Kb.
#13386
1   2   3   4   5   6
5. Ішектің өткізгіштігінің бұзылуы әсерінен болатын өлім. Ішектің өткізгіштігінің бұзылуы әсерінен болатын өлім болуы мүмкін: а) асфиксия – диафрагманы кеуде қуысына итетеретін, ішек – қарыны жолының өткір кеңеюінің нәтежиесінде кеуде торшаларының қозғалысы, жүрек жұмысы қиындайды (диастома), жүректі, өкпені қысады. Өлім 12 сағат ішінде болады. Ішек өткізгіштігінің динамикалық бұзылуы кезінде жиі асфиксияға ұшырайды. Ашып сою: құрсақ және ішек қабырғаларына қысым түскен, көзге көрінетін кілегей қабықтарында цманоз байқалады. Тыныс жолдарындағы эпи- эәне эндокард астындағы кілегей қабықтардың қанталауы. Ішкі ағзалардың қанға толуы, бауыр қансызданған (компрессивті анемия), көк бауырдың қанға толуы, жүректің ұлғаюы, өкпе, ми гиперемиясы. Егер өліктік шіру байқалса – оған тән белгілері болмайды. б) өлім құрсақ қуысынан, сирек кедергілердің болу орындарынан рефректорлы туындаған жүректің шала салдануынан болуы мүмкін. Ашып сою: жүрек қуысының кеңеюі және қанға толып қалуы, венозды жүйедегі іркілу; өкпе және ми ісігі, бауыр гиперемиясы. Өлім ішектің ішіндегісінен уланудың нітежиесі болуы мүмкін. Коликтер кезінде ішек ішіндегілерінің шіруі және шірікті фдфрауы жүреді, ол жерлерде улы өнімдердің бактериалды токсиндері, азықтық ферменттер түзіледі. Олар паренхиматозды ағзалардың түйіршікті және майлы дистрофиясын тудырады. Өлім 2-3 тәуліктен кейін болады. Ашып сою кезінде серозды және шырышты қабықшаларда қанталаулар, паренхиматозды ағзалардың (жүрек, бауыр,. бүйрек) дистрофиясы байқалады; ішектің кілегей қабығының ісінуі және гиперемиясы, өкпе ісігі, эпители нерозы анықталады. Қысымшылық кезінде веноздық іркілулер мен аралас ішектің инфарктары табылады. Шаншулар кезінде жылдамдатулар туындауы мүмкін: 1) бас миының контузияс, 2) диафрагманың жарылуы, 3) ішек-қарын жолының перфорациясы мен жарылуы (өткір кеңеюлер кезінде), 4) бауырдың, көк бауырдың жарылуы (олардың қайта тууы кезінде), 5) құрсақ қуысының ірі тамырларының жарылуы, 6) ішектің қабырғасындағы қанталаулар, 7) ішек қабырғасының өлуі және гангренасы, 8) септикомия, 9) өкпе гангренасы, асперационды пневмония, 10) перитонит. Шаншудан өлген жылқыларда барлық патологиялық өзгерістер қатысты болуы мүмкін: 1)ішектің бұралуына, 2) бітелуіне, инвагинациясына немесе ішек 97 саңылауының қысылуына, 3) ішек тамырларының эмболиясы, 4) ішек немесе ас қазанның ауға толуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет