83
Кәсіби қазақ тілі
11-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ АЛТЫ БАСТЫ СҰРАҚ
Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа
жауап беруі тиіс:
Who? – Кім?(Кто?)
What? – Не?(Что?)
When?– Қашан?(Когда?)
Where? – Қайда?(Где?)
Why?– Неге?(Зачем?)
How? – Қалай?(Как?)
Журналист осы сұрақтар бойынша қысқа да болса ақпарат
беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі «W» әрпі-
нен басталады және біреуі «H». Сол себепті кәсіби тілде журна-
листер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтар-
ды журналистикаға Редьярд Киплинг енгізген болатын. Алты
сұрақтың жиыны – лид. Лидтің атауы алты сұрақтың ішіндегі
маңыздысымен аталады.
Мақала жазар алдында оның құрылымын анықтау қажет,
мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы,
мақаланың неден басталатынын анықтап алу керек. Алдымен
сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпа-
раттың бар немесе жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Егер бар бол-
са, онда материалға кірісуге болады. Ең бірінші – лид құрудан
бастайық.
Лид құру
Жаңалықпен таныстыру үшін алты сұрақтың ішінен ең ма-
ңыздысын таңдап, оны мақалада басты мәселе ретінде ерекше-
леп аламыз. Осылайша лидтің алты түрін көрсетейік. Лид мақа-
ланың басты сұрағынан басталады.