Аттестаттауға дайындалатын педагогке көмек Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың


) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына



бет2/5
Дата30.10.2022
өлшемі77,5 Kb.
#46203
1   2   3   4   5
2) «педагог-сарапшы» біліктілік санатына:

  • тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, келесідей кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар:




  • «педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу әрекетін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларына ие, білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби конструктивті даму басымдықтарын анықтайды, аудандық/қалалық деңгейде тәжірибе жинақтайды, аудандық/қалалық деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға жарыстарға қатысушылары бар;



3) «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:

  • тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде төрт жыл педагогикалық өтілі бар, келесідей кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар:




  • «педагог-сарапшы» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар, сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде конструктивті даму стратегиясын айқындайды, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

4) «педагог-шебер» біліктілік санатына:



  • тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар, сондай-ақ, қайта даярлау курстарынан өткен, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, келесідей кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар:

  • «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе уәкілетті орган (ҚР БҒМ) бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген және басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы), ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби қоғамдастық желісін облыс деңгейінде дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын даярлаған (ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығының 1-параграф, 11 тармақ, 4 тармақшасы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет