26
аруақ –
топта сөйлер шешені, қолды бастар көсемі еді ол» (52 б.).
«Бүгінгі
өмір – өлім, күдік – үміт, қайғы –қуаныш» бір адамның
басында аз болған жоқ» (86 б.). «
Кешегі жас – бүгін ержеткен
салиқалы жігіт.
Кешегі жігіт – бүгін шал» (221 б.). «
Өмір – өнегелі
ұстаз» (290 б.). Қ. Жұмалиев тіліндегі мұндай метафораларды тізуге
жұмыстың көлемі көтермейді.
Қ. Жұмалиев тілінде С. Мұқанов тілімен бір ұқсастық бар. Ол
ұқсастық жазушының мақал-мәтелдерді молынан қолданылуында
жатса керек. Мысалы: «-
Түсі игіден түңілме» деген емес пе, өзі жылы
жүзді адам көрінеді ғой» (19 б.). «
Үміт бар да қайғы жоқ.
«Қайғысызға қара су да ас» (21 б.). «
Айуанда бота тату, адамда
құрдас тату» деген халық мақалы бұларға дәл келетін» (25 б.). «
Есің
барда еліңді тап» деген, балалар, «күн бүгін, жыл биыл емес»,
қайтқанымыз мақұл болар деп отырмын» (21 б.). «Сонау үш жүз
километр жерден Орынборға жаяу тартып, талай-талай жол азабына
мойымау да, өз жолдастарына жалғыз қалып, Сақмардың суын кешіп,
ағаш тасуда бәрі де осы өршілдік, жақсылықты келешектен күту, «
ер
азығы мен бөрі азығы жолда» дейтін халық мақалын берік ұстау
болатын» (37 б.). «
Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады»
дегендей, жылы сөздер арқылы жібітіп, қалайда болса онымен тіл
қағысып, не қылған бала екенін білгісі келді» (38 б.). «
Жұт жеті
ағайынды, қолдаспен сегіз» дегендей, 1916 жыл елді ауыр дерттей
жайлаған, халықтың қабырғасын қаусатып, еңсесін түсірген жыл ғой»
(42 б.). «- Телқара, жігітті тегімен сынама, ісімен сына! «
Жақсыдан –
жаман, жаманнан – жақсы да туатынын» тарих дәлелдеген жоқ па
еді, кешегі бір күндерде» (43 б.). «
Ат басына күн туып, ауыздығымен
су ішіп, ер басына күн туып, етігімен су кешіп тұрған заманда»
кімнің кім екенін танымасаң, басқа түскен тұманан қалай жол тауып
шықпақпыз» (44 б.). «
Халық ұйғарса, хан түйесін сояды» деген»
(48 б.). «
Болғанға берік бол» деген сөз есіне түсіп, дұшпанына бел
бермеді» (57 б.). «
Ер бір-ақ өледі, ез күнде өледі» деген» (69 б.).
«
Бірақ ер жігітттің екі айтқаны – өлгені, еменнің иілгені –
сынғаны» (287 б.). «
Доссыз ауыз тұшымас» деп ұлы ақын жай
айтпаған ғой» (291 б.). «
Жарлылық деген жақсы екен, жатып ішер ас
Достарыңызбен бөлісу: