Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет93/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
оформлениересімдеу, изучение – зерделеу. Бұларды біз бұрын 
«кәмпескелеу, хаттау, зерттеу» деп келгенбіз. Оның үстіне 
«исследование» сөзін де «зерттеу» дейтінбіз. Енді, міне, бұл 
сөздердің әрқайсысы өз орнында, дәл мағынасын беріп тұр деуге 
болады.
Әлбетте шетел тілдерінен енген терминдердің бәрін беталды 
аудару қиын іс әрі оның қажеті де жоқ деп ойлаймыз. Мысалы, 


267
халықаралық қолданыста қалыптасып кеткен: автобус, 
автомобиль, автономия, автор, банк, биржа, виза, диплом, 
доктор, идея, капитал, кино, колледж, комиссия, комитет, 
конструктор, маркетинг, менеджмент, медаль, министр, орден, 
радио, редактор, редакция, сессия, студент, театр, университет, 
филармония, фирма, цейтнот, чемпион, экономика, этнография, 
этнос және әр елдің өзіне тән, көбінесе сол елдің өзінде ғана 
қолданылатын: департамент, канцлер, кардинал, легион, лорд, 
префектура, рейхстаг, сейм, хурал деген сөздер бар. Бұлар 
қолданыста көп кездеспейтіндіктен, әрқайсысына балама іздеп 
әуре болудың да керегі жоқ сияқты. 
Енді әркімнің көкейінде жүр-ау осы деген талас тудыратын 
даулы терминдер жайлы бірер сөз. «Творчестволық» сөзін 
терминология комиссиясы «шығармашылық» деп бекітті, қазір 
көпшілігіміз осылай жазып та жүрміз. Бірақ «шығармашылық» 
сөзі барлық жерде бірдей «творчество» сөзінің дәл мағынасын 
бере алмайтыны айқындалып отыр. С.И Ожеговтың «Толковый 
словарь русского языка» сөздігінде бұл сөзге мынадай түсініктеме 
берілген: «творчество – мәні мен мазмұны жағынан жаңа мәдени 
немесе материалдық құндылықтар жасау. Көркем т., халық т., 
Пушкиннің т., жаңашылдардың т.». Осы тұрғыдан алғанда 
әдебиет пен өнер, мәдениет пен білім салаларында оның мән-
мағынасы даусыз дейтін болсақ, ғылым мен техника, өнеркәсіп 
пен өндіріс саласына келгенде үйлесе бермейтіндігі көзге ұрып 
тұрады. Мысалы, конструктордың шығармашылығы, инженердің 
шығармашылығы деген құлаққа біртүрлі естіледі. Бұл да баршамыз 
болып ойланатын жайттың бірі.
Қазір газет-журналдарымыз бір сөздің өзін әртүрлі етіп алып 
жүр. Мысалы, семья отбасы, жанұя, үйелмен; микрорайон – 
ықшам аудан; мөлтек аудан, шағын аудан; медсестра  медбике, 
медбибі, мейіркеш, емшібибі, дәрігерлік сестра т.б
«Семья» атауын терминком «отбасы» деп бекіткен. Дәл 
мағынасы да осы. Қазақ «отбасың аман ба?» деп сұрамай ма? Ал 
үй иесін «отағасы» дейді ғой.
Ал «микрорайонды» – «мөлтек аудан» деп алғанымыз жөн 
сияқты. Өйткені шағын, ықшам сөздерінің қолданылу аясы 
басқашалау. Мысалы, шағын кәсіпорын, ықшам киім деген сияқты. 


268
Осы «мөлтек» сөзін бір кезде жазушы Қалихан Ысқақов енгізген 
болатын. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімін басқарып 
отырған жазушы Қазақ университетінде оқып жүрген менің 
«Аялдамада ашылған сыр» деген қысқа әңгімемді оқып шығып, 
ұнатып алып қалып, газетке «мөлтек әңгіме» деген айдармен 
берген болатын. Біраз газеттер қазір «мөлтек аудан» деп жазып 
та жүр. Мысалы, Алматы қаласында қазір жеті аудан бар, ал 
мөлтек аудандардың саны көбейіп келеді – «Ақсай», «Алмагүл», 
«Атырау», «Әйгерім», «Жетісу», «Жұлдыз», «Құлагер», «Орбита», 
«Таугүл» және 1-ден 12-ге дейін нөмірленген мөлтек аудандар. 
«Мөлтек аудан» деген тіркес айтуға да жеңіл, қысқартуға да оңай 
болар еді. Мысалы, микрорайон – м-н, мөлтек аудан – м-н деген 
сияқты.
«Медсестраны» – «медбике» деген дұрысырақ болар еді деген 
ой туындайды. Өйткені қазақ аты-жөнін білмейтін, бірінші көрген 
адамын «бикеш» демей ме?
Бұларды тәптіштеп айтып отырған себебіміз, қазіргі кезде 
қала тұрмақ алыстағы ауылдарда да тіліміз кесепатты түрде 
шұбарланып барады. Ал қаладағы қазақтардың аузынан шығатын 
сөздеріне келетін болсақ, қойыртпақтың дәл өзі. Көшеде болсын, 
қоғамдық көлік ішінде болсын, мекемелерде болсын, бір сәт қызық 
үшін қандастарымыздың бір-бірімен сөйлескендеріне құлақ түріп 
көріңізші. Екі сөзінің бірі «нешауо, маладес, пожалыста, обшым, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет