Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет90/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
керек еді.
2. «Не менее сотни миллионов погубленных человеческих 
жизней» деген сөйлем «Құртылып жіберілген кемінде жүздеген 
миллион адам өмірі» деп аударылған. Ал тілді жетік білетін жан 
мұны қыршынынан қиылған жандар, құрбан болған боздақтар 
деп алған болар еді. 
3. «Европейский дом стал тесным и огнеопасным до 
крайности»«Европада қазір үй тар, сондықтан ол өрттен 
өте қауіпті» деп аударылыпты. Бұл сөйлемді талдап жатудың өзі 
күлкілі. Біріншіден, сөзбе-сөз, екіншіден, қате аударылған. Мұның 
мағынасы Еуропа аумағы тарылып, мейлінше қауіпті болып отыр 
деген мағынада ғой. 
4. «Захвачено большое количество оружия и боеприпасов» – 
«Қару-жарақ пен оқ-дәрінің үлкен көлемі қолға түсті». Мұны, 
мәселен, «Мол қару-жарақ пен оқ-дәрі қолға түсті» дей салуға 
болмас па еді?
5. «Половина сотрудников разбросаны по разным странам 
мира» – «Қызметшілердің жартысы дүние жүзінің түрлі елдеріне 
пышыратып қойдай жайып жіберілген».
Ал керек болса! «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйдының» 
кері! Және бұл мысал мұндай аударма кімге керек деген сұрақтың 
нақты жауабы бола алады. Апырм-ау, сауатты адам, тілге жаны 
ашитын, оқырманды сыйлайтын азаматтың осылай жасауы 
мүмкін бе? Жоқ, олай болуы мүмкін емес деп ойлаймыз. Бұл 
немкеттіліктен, немқұрайдылықтан, әйтеуір тамыр-таныстықпен 
баспадан кітап алып аударған болып, нан жеудің амалы. Мұндай 
жәйттер баспалардың тарихында кездесіп тұратын процесс. 
Ал шикілі-пісілі, күлді-көмеш, боркемік аудармалар баспа 
редакторларына үлкен ауыртпалық түсіреді. Сондықтан мұндай 
аудармаларды бастан аяқ қайта жасап шығуға тура келеді. Мынау 
әлгі сөйлемнің редакцияланған нұсқасы: «Қызметкерлердің 
жартысы әлемнің түрлі елдеріне тарап кеткен». 
6. «Однако Советский Союз выстоял, стоит и будет стоять» 
деген сөйлемнің аудармасы былай болып шыққан: «Алайда Совет 
Одағы қасқиып төтеп берді, ол сол қасқиған күйінде қалт етпей 
бүгін де, ертең де тұра береді».


260
Осы сөйлемді талдап көрелік. Орысшасы 8 сөзден тұрады, ал 
аудармасы 18 сөз болып шыққан. Бұл – бір. Екіншіден, қазақшасы 
ішектей шұбатылып жатыр. Сөйлемнің ұзын-ырғасы езу 
тартқызбай қоймайды. «Қасқиған» деген сөз адамға айтылмайтын 
ба еді? Сонан соң «бүгін де, ертең де» деп қосудың қажеті қанша? 
Орысшасын қайта бір оқиық. «Однако Советский Союз выстоял, 
стоит и будет стоять». Осындағы «выстоял», «стоит» деген 
сөздерді бір-бір сөзбен қазақшалаудың қиын екендігі рас, дегенмен 
ықшамдап аударуға әбден болар еді. Мысалы, «Алайда Кеңес 
Одағы төтеп берді, төтеп беруде және төтеп берері хақ» деген 
сияқты.
Енді күнделікті шығып жататын газет-журналдардан, кітаптар 
мен кітапшалардан алынған мысалдарға кезек берелік.
1. «Новый трудовой рекорд установили строители» – 
«Құрылысшылар жаңа еңбек рекордын орнатты» деп аударылған. 
Сөз мағынасы тұрғысынан алғанда рекорд орнатылмайды, рекорд 
жасалады. Сондықтан бұл сөйлем «Құрылысшылар еңбекте жаңа 
рекорд жасады» деп аударылуы керек.
2. «В этом некогда богом забытом краю» деген сөйлемді 
аудармашы мән-мағынасын түсінбегендіктен, «Осынау бағзы бір 
кезде құдайдың да назарына ілікпеген өлкеде» деп жіберіпті. Бұл 
арада әңгіме жан баспаған құла дүз, қу медиен жайында болып 
отыр ғой. Ендеше ол «Адам аяғы баспаған құла дүз» немесе «Жан 
баспаған қу медиен», т.т. болуы керек еді.
3. «В первую очередь следует навести порядок в области 
землепользования, покончить с фактами разбазаривания и 
хищнического отношения к земле» – «Ең алдымен жерді пайдалану 
саласында тәртіп орнатып, жерді талан-таражға салу және 
жерді аздыру фактыларын біржола жою керек». 
Бұл сөйлемде «жерді» деген сөз үш рет қайталанады, сонан соң 
жерді аздыру деп емес, тоздыру деп алу керек. Өйткені адам азады, 
жер тозады деп айтылады емес пе?
4. «Потрясенная до глубины души, девушка сначала написала 
об этом страстную статью и отправила в Индию» – «Жанының 
тереңіне дейін тітіркенген қыз бұл туралы алдымен жан ұшыра 
мақала жазып, оны Индияға жіберді».
Бұл сөйлем қай жағынан алғанда да (мағыналық, стилистикалық 
жағынан) дұрыс аударылмаған. Бұл – бір. Екіншіден, Индияның 


261
Үндістан деп жазылатыны баршаға белгілі. Сол себептен де 
мұны «Жаны қатты күйзелген қыз алдымен бұл жайында жүрек 
тебірентер мақала жазып, оны Үндістанға жіберді» десек әрі 
жатық әрі қазақша болып шығар еді. 
5. «Лишь по счастливой случайности» – «Бақытты 
кездейсоқтыққа байланысты ғана...»
Мұндағы көзге ұрып тұрған орашолақтық айтпаса да түсінікті. 
«Бақытты кездейсоқтығы» несі? Қазақ мұндай жағдайды 
«Сабақты ине сәтімен дегендей» немесе «Істің сәтін салайын 
десе» деп айтады ғой.
6. «Пожар в системе электроснабжения»«Электрмен 
жабдықтау дүниесінде болған өрт». Мұндағы «жүйесінде» деп 
алынуы керек сөз «дүниесінде» болып кеткен. 
7. «Он с детства свободно владеет русским, немецким и 
казахским языками» – «Ол орыс, неміс және қазақ тілдерін бала 
жасынан бастап толық меңгерді». 
Осындағы «свободно владеет» деген тіркес «толық меңгерді» 
деп қате аударылған және «бала жасынан бастап» деген тіркесті 
сәтті алынған деу қиын. Дұрысы: «Ол жастайынан орыс, неміс 
және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді» болу керек.
8. «Вдвойне дорога для него эта книга» – «Бұл кітап ол үшін 
екінші жағынан да қымбат» деп аударылған. «Бұл кітаптың оған 
аса қымбат болатын жағы да бар» десе жатықтау шықпас па еді?
9. «Еще в школе состоялась первое знакомство с произведениями 
известного поэта в подлиннике, как в прочем и со стихами 
Пушкина и Гете»«Белгілі ақынның қазақ тілінде жазылған 
өлеңдерімен мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ алғаш рет 
танысқан болатын. Сондай-ақ Пушкин және Гете өлеңдерімен де 
осы тілде танысты».
Мүлдем қате аударылған әрі шұбалаңқы болып шыққан. Әңгіме 
бір белгілі ақынның шығармаларын, сондай-ақ Пушкиннің, 
Гетенің өлеңдерін алғаш түпнұсқадан оқып танысқаны жайында 
болып отыр. Сондықтан «Белгілі ақынның шығармаларымен, 
сондай-ақ Пушкин мен Гетенің өлеңдерімен түпнұсқасынан алғаш 
мектепте жүріп танысқан болатын» десе түсінікті болар еді. 
10. «В старших классах почувствовал увлечение к чтению 
национальной литературы» «Аға кластарда оқи жүріп, ұлт 
әдебиеттерін оқуға құныққанымды сезе бастадым».


262
Осындағы «аға кластар» дегені «жоғарғы сыныптар», ал 
«ұлт әдебиеттері» – «ұлттық әдебиет» емес пе? Сондықтан бұл 
арада дұрысы «Жоғарғы сыныптарда ұлттық әдебиетті оқуға 
құмарлығын сезінді» болуы керек.
11. «Мне хочется сказать спасибо своей учительнице Назкен 
Канаевой» – «Мен өзімнің оқушым Назкен Қанайқызына рахмет 
айтқым келеді». Мұндағы өрескел қателік – түпнұсқадағы 
«учительница» деген атау аудармада «оқушы» болып кеткен. 
Сөйтіп мәтіннің мағынасы мүлдем өзгеріп шыға келген. Дұрысы: 
«Мен өзімнің мұғалімім (немесе ұстазым) Назыкен Қанайқызына 
рахмет айтқым келеді» деуі керек еді.
12. «Народ Пенджаба продемонстрировал редкое единство в 
борьбе против терроризма и отпоре провокациям» – «Пенджаб 
халқы терроризмге қарсы күресте және ... арандатуларға тойтарыс 
беруде бірлікті сирек көрсетті» деп алыныпты. 
Бұл сөйлемді бүлдіріп тұрған – «бірлікті сирек көрсетті» 
деген тіркес. Ал шынтуайтында орысшасындағы біз астын сызған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет