«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Аудиттің халықаралық стандарты



бет18/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
5. Аудиттің халықаралық стандарты.
Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдері қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) бар.
ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымының құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. Халықаралық аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсі билігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келсе де, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.
1948 жылы Америалық алқалы бухгалтерлер институты «Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары» деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС-та олар өз көрінісін тапты.
Жыл сайын бұл жүйе жаңартылып отырады. Оларды тереңдетіп жаңғырту (модернизациялау) 1994 жылы болды, содан бері жаңартулар тек жекелеген формулаларын, сілтемелерін және т.б. нақтылай түсу деңгейіне жүргізіліп келеді.
Кейбір мемлекеттер (Австралия, Бразиилия, Ресейде, Үндістанда, Голландияда) ХАС-ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер (Кипр, Малайзия, Норвегия, Фиджи, Шри-Ланка) ХАС-ты ұлттық ретінде қабылдайды.
Өздерінің ұлттық аудит стандарттары бар әлдеқайда дамыған мемлекеттер (Канада, Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Швеция т.с.с.) ХАС-ты жай ғана мәлімет үшін қабылдап және кейбір іс-тәжірибелерде қолданады.
2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында «Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттар» қарастырылып, қабылданды.
«Қазақстандағы ХАС» атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясы мен «Евразия» аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудиторлар палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай «Аудиторлық қызмет туралы» заңның бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС-қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ-тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі Халықаралық Комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары мен ілеспе қызметті көрсету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарды. 1994 жылдың шілдесінен бастап Халықаралық аудит стандарттарының кодификациясы өзгертілді, яғни екі мәндіден үш мәнді белгілеуге көшу жүзеге асырылды. Егер ескі кодификацияда 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткенннен кейін олардың жалпы саны 2005 ж. басында 50-ге жетті, оның ішінде олардың 38-і ХАС-қа, ал 12-сі халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе бойынрша ережеге (ХАІЕ) негізделді.
Халықаралық аудит стандарттарының (ХАС) негізгі бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.
Бірінші бөлім «Кіріспе аспектілері» №100-199 құжаттарына қосылды.
ХАС 100 Сенімділікті қарастыратын тапсырмалар – бұл әр түрлі жұмыс түрлерінің орындалу нәтижелері бойынша қалыптасатын қорытындыларымен аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.
ХАС 110 Терминдердің глоссарийі ХАС және оның заңдастырылған анықтамаларында қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.
ХАС 120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі. ХАС-тың жалпы құрылымы суреттелген және аудиттің ілеспе қызметінің жіктелімі келтірілген.
Екінші бөлім «Жауапкершілік»-ке 200-299 стандарттары кіреді.
ХАС 200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсат пен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулер көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондай-ақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.
ХАС 210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін құжаттық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмұны мен формасы келтірілген. Ол жұмыс мөлшері мен жауапкершілік шараларын, есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы анықтайды.
ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі. Стандарттардың қосымшасында бақылау сапасы рәсімдерінің үлгілері келтіріледі.
ХАС 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс құжаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс құжаттарының тиістілігі мен сақталу мәселелері ашып көрсетілген.
ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі – «өтірік» және «қате» ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда болатын материалдық үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлау керек. Өтіріктер немесе қателіктер туралы куәләндыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады. Стандарттардың қосымшасында өтірік немесе қателіктердің тәуекелділігін арттыратын жағдайлар немесе оқиғаларға мысалдар келтірілген.
ХАС 250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан ауытқымау мен бұлжытпай сақтаудағы аудитордың және тексерілетін ұйымдардың жауапкершілік деңгейлері анықталған.
ХАС 260 Басқарушы өкілеттілігі бар тұлғаларға аудиттің аспектілерін хабарлау – тиісті құжаттардың мазмұнын жасау тәртібі ашып көрсетіледі.
«Жоспарлау» (300-399) деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт келтірілген: ХАС 300 – Жоспарлау, ХАС 310 – Бизнес білімі, ХАС 320 – Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудитордың түсіну маңыздылығы, аудиттегі елеулілік тұжырымдамасының баяндалуы, елеулілік пен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардың нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сипатталады.
Төртінші бөлім «Ішкі бақылау» (400-499).
ХАС 400 Тәуекелдіктерді бағалау және ішкі бақылау. Клиенттің ішкі бақылау жүйесін зерделеу және бағалау мәселелері қарастырылған.
ХАС 401 Компьютерлік ақпарат жүйесіндегі аудит. Мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізетін жағдайда қолданылуы қажет қосымша рәсімдер ашып көрсетілген.
ХАС 402 Қызмет көрсетуші ұйымдар пайдаланылатын субъектілер ерекшелігіндегі аудит есебі. Мамандандырылған сервистік ұйымдардың есеп берулерін дайындау мен есеп жүргізуді алған ұйымдардағы аудиттің ерекшеліктері келтірілген.
Бесінші бөлімге «Аудиторлық дәлелдер» 500-599 стандарттары кіреді.
ХАС 500 Аудиторлық дәлелдеулер – аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады.
ХАС 501 «Аудиторлық дәлелдеулер – ерекше баптарды қосымша қарау». Құндылықтарды сақтау бойынша құжатты басшылық, дебиторлардың есепшоттарын және талаптар мен критерийлер бойынша мәселелерді растау, әлдеқайда шындыққа жанасымды аудиторлық ақпаратты алудың басқа процедураларын қолдану.
ХАС 505 Сырттай растау – үшінші тұлғадан мәліметтерді алу үшін сұрау салуды әзірлеу және жіберу тәртібін реттемелейді.
ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар – бастапқы сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша аудитордың жауапкершілігі анықталады.
ХАС 520 Аналитикалық процедуралар – талдамалы тексерулердің процедурасының және оның міндеттері мен өткізілу уақытына қатысты ұсыныстың сипаты берілген. әдеттен тыс қатынас пен талдамалы процедура нәтижелеріне сенім білдіру деңгейінің фактілерін аудитордың зерделеу мәселелері қарастырылады.
ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателікті экстрапоциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.
ХАС 540 Бағалау мәнінің аудиті. Бағалау мәліметтері, аудиттің негізгі кезеңдері, олардың негізділігін талдаудағы аудитордың жауапкершілігі белгіленіп, осы бағалаулардағы қателіктерді анықтау бойынша ұсыныстар берілген.
ХАС 550 Байланыстырылған талаптар. өзара байланысқан тараптар және олармен бірге өткізілетін операциялар аудитінің процедуралары қарастырылады.
ХАС 560 Кейінгі уақиға. Аудитор есеп беруді жасаған күннен кейін немесе есеп беру жарияланғаннан кейін болатын уақиғалар есеп берулердің мазмұнына елеулі түрде ықпал еткен жағдайда аудитордың қалай әрекет ету керектігін көрсететін тәртіптері анықталады.
ХАС 570 Үздіксіз қызмет. Кәсіпорын қызметінің үздіксіз принципін қолданудың дұрыс еместігіне аудитор күманданатын жағдай сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет