Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Бір малдың жекелей өсіп, жетілуі, дамуы



бет22/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
22. Бір малдың жекелей өсіп, жетілуі, дамуы
Бір малдың жекелей өсіп-жетілуі, дамуы онтогенез деп аталады. Онтогенез аналық жыныс клеткасының аталық жыныс клеткасымен ұрықтануынан басталады да, кейін одан бүкіл организм өсіп шығып, сөйтіп мал тіршілігі аяқталғанға дейін созылады. Онтогенез тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын жүйелі морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық өзгерістер тізбегінен тұрады.
Малдар ағзасының өсіп жетілу үдерісі өте жан-жақтыбайқалады. Малдардың өсіп жетілуін зерттеудің бірыңғай әмбебапәдісі жоқ. Бұл мәселе жануарлар ағзасының өсу және жетілуінзерттеудің әр түрлі әдістерін (морфология, биохимия, физиология, генетика және т.б.) қолдану арқылы шешіледі. Осының өзіндемалдардың өсуін зерттеу және есепке алу әдістері ағзаның онтогенезпроцесінде дамуын зерттеумен салыстырғанда жақсы дайындалған.Жануарлардың өсуін зерттеу және есепке алу дене өлшемдердің жәнекөлемдік көрсеткіштерінің салмағын анықтау жолымен іскеасырылады, олар онтогенез бойында немесе оның жекелегенкезеңдерінде жүйелі түрде жүргізіледі.Салмақтың өсуін малды жүйелі түрде өлшеу негізінде есепкеалады, ол өз кезегіңде оның денесінің сол сәттегі салмағын, соныменқатар мал денесінің белгілі бір уақыт аралығында өсуін анықтауғамүмкіндік береді. Малдарды өлшеу кез келген дәлдік дәрежесіменорындалуы мүмкін. Ол тек техникалық жағдайлармен ғана шартталмай, сонымен бірге басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Осы факторлардың арасында малды өлшеудің нақтылық деңгейіне, малдың көлемі оның асқазанына, шегіне жәнеқуығына әсер етеді. Осы айтқандарды есепке ала отырып, ауылшаруашылығының ірі малдарын 100 гр-нан артық емес дәлдікпен, алұсақ малдарды 1 гр-нан артық емес дәлдікпен өлшеу дұрыс, олдегеніміз малды өлшеу дәлділігі олардың тірі салмағыменшартталады. Малды өлшеу күннің белгілі бір уақытында үстемеқоректендіру және суару алдында жүргізіледі. Малдарды топпенөлшеу, олардың жеке дамуымен танысу мақсат болып қойылмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Түрлі малды онтогенездің түрлікезеңдерінде өлшеу, олардың дамуының эмбриональды кезеңіментанысуда жүргізіледі. Мұнда ұрықтың салмағын анықтау үшін, бізолардың анасын союға мәжбүр боламыз және осылайша ұрықтыңодан әрі дамуын жасанды жолмен тоқтатамыз. Мұндай жағдайлардазерттеліп отырған малдардың ата-аналар жұбының біртектілігіне,сонымен қатар олардың ұрпақтарының жатыр ішінде өсуі екпініне және сипатына әсер ететін олардың күтілуі және қоректендірілужағдайының біркелкі болуына қол жеткізіледі. Малды кезекті өлшеудің арасындағы уақыт аралығы малдыңтүріне және зерттеу міндеттеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.Алайда жас малдарының екпінді өсуі кезеңінде оларды өсуібаяулайтын ересек жастағы кезеңге қарағанда жиі өлшейді. Тез өсетінұсақ жануарларды (қояндар, шошқалар) ірі, өсуі баяуөтетін (ірі қарамал, жылқы) жануарларға қарағанда жиі өлшеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет