Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары



бет30/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Сіңіре будандастыру деп кең мағынада бір тұқымдық топтың негізгі өнімдік белгі, қасиеттерін екінші тұқымдық топтың қасиеттерімен ауыстыруды, яғни өнімі төмен жергілікті тұқымды өнім саппасы мен саны жоғары тұқыммен будандастыру арқылы түбегейлі өзгертуді айтады. Ол үшін жергілікті тұқымның және әр келесі ұрпақтың аналықтарын бірнеше ұрпақ бойы тек жақсартқыш тұқымның аталығымен шағылыстырады. Осы ретте жергілікті тұқымды-жақсартылатын, өнімі мол тұқымды-жақсартқыш тұқым деп атайды. Сонымен, сіңіре будандастырудың нәтижесінде жергілікті тұқым түбегейлі өзгеріп, жақсартқыш тұқымға ұқсас мол өнімді мал тобы құрылады. Оның бірте бірте тіпті жаңа тұқымға айналуы да мүмкін. 
Сіңіре будандастырудың басты артықшылығы өнімі төмен жергілікті тұқым табындарын қысқа мерзімде, қауіпсіз, тез жақсартуға болады және мұны көп шығынсыз, әсіресе қолдан ұрықтандыру кең тараған жағдайда, іске асыруға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда кең өріс алған биязы жүнді және қаракөл қой шаруашылығы, етті және сүтті сиыр шаруашылықтары осы сіңіре будандастыруды сәтті пайдаланудың негізінде қалыптасқан. 
Ал, сіңіре будандастырудың сәтті жүруі үшін нестеу керек?  
Біріншіден жақсартушы тұқымды дұрыс таңдай білу қажет. Жақсартқыш тұқымның саны шгектеулі емес. Оның біреу де, бірнешеу де болуы мүмкін. Осыған орай сіңіре будандастыру қарапайым (егер жақсартқыш тұқым біреу болса) және күрделі (егер жақсартқыш тұқым бірнешеу болса) деп екіге бөлінеді.


Сұрақ 35:
Шежіренің түрлері
Жауабы:
Генеалогия (грек. genealogіa – шежіре) – генетикада және селекцияда жеке өсімдіктер мен жануарлардың немесе олардың белгілі бір тобының шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау туралы ілім. Мал шаруашығында белгілі бір малдың ата-тегінің биологиялық қасиеттерін және өнімділігін білумен қатар оның алыстау туыстарының да ерекшеліктерін білу малды будандастыруда маңызды орын алады. Мысалы, сиыр мен бұқаны шағылыстырудан бұрын, ол сиырдың өзімен және енесімен туыстас сиырлардың сүттілігі, сондай-ақ бұқаның қандай тұқымнан шыққаны, т.б. ескеріледі. Генеалогия негізгі үш генетикалық заңдылықтарға сүйенеді: 
- тіршіліктің жаңаланып отыруы; 
- жаңа өзгерістер туғызуға қабілеттілік; 
- пайда болған қасиеттердің тұқымда бекуі [1]. 
Дәстүрлі технологиялар жағдайында еліміздің әртүрлі аймақтарында ірі қараларды тұқымдық сапасы бойынша жүргізілген көптеген зерттеулер нәтижесінде ірі қара тұқымды сиырлар сүт өнімділігі, желінінің морфофункциялық қасиеттері және мал азықтарын сүтімен өтеуге қабілеттілігі сияқты көрсеткіштері бойынша артықшылығы болады және бұл жағдай ірі қара шаруашылықтарын өндірістік технологияға өту барысында ерекше маңызды екені белгілі. 
Генеалогиялық топ бір көрнекті ата-тектен шыққан бірнеше буындық ұрпақтардан құралған көптеген жануарлардан тұрады. Мұндай топтың жануарлары олардың негізін салушыларға туыстығына қарамастан, әр текті болып келеді. Оларды шежіре бойынша аталық жағынан шығу тегі ғана біріктіреді, ал топтың негізін салушы олардың арғы ата-тегі болып табылады. 
Генеалогиялық топ деп аталатын бұл терминді әдетте екі жағдайда қолданады. 
1.Тұқымға генеалогиялық талдау жасауда жекелеген туыстық топтар мен бір кезде бағалы және кең таралған ескі, бірақ қазіргі кезде жойылып кеткен зауыттық аталық іздердің арасындағы шығу тегі жөніндегі байланысты анықтайды. Мысалы, қара-ала тұқымның шығу тегі жөнінен голланд тұқымының әйгілі ескі аталық іздерінің негізін салушы осы заманғы аталық іздері мен туыстық топтары бар. Сондықтан аталық іздерді, туыстық топтарды және шежіре кестесеінің оң жағында Адема атты мал бар барлық басқа да жануарларды Адеманың генеалогиялық тобына жатқызуға болады. Қырдың қызыл сиыры тұқымында Премьера бұқасының генеалогиялық тобы 20 зауыттық аталық ізді қамтиды. 
2. Белгілі бір бағалы аталықтың бірнеше ұрпақта көбейтілген, бірақ әлі де айтарлықтай жетілдіреілмеген және селекцияланбаған, зауыттық аталық із ретінде әлі танылмаған ұрпағы.  
Генеалогиялық немесе формальдық аталық із дегенміміз – белгілі жоспарсыз, мақсатты сұрыптау мен таңдаусыз алынған бір бағалы аталықтың бірнеше буынға жататын ұрпағын қамтитын жануарлардың тобын білдіретін ұқсас ұғымдар. Мұндай топта біртектілік байқалмайды және мұндай жануарларды байланыстырып тұратын жалғыз белгі- бұл тікелей әкесінің шежіресі жағынан бір ата -тектен шығуы. 
уарларды аталық іздер бойынша өсірудің негізгі мақсаты- олардың ата-тегінің тұқым қуалайтын артықшылықтарын сақтау ғана емес, сонымен бірге бірнеше буын ойында бағалы жаңа нәсілдік қасиеттерді жинақтау жолымен іздерді байыта түсу. Аталық іздер бойынша өсіру 
Бақылау сұрақтары: 
1)Аталық із және аналық ұя құрып мал өсіру. 
2)Аталық із және аналық ұя құрып мал өсірумаңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет