Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Сұрақ 36: Мал өнімдері белгілерінің тікелей селекцияға ұшырамауына байланысты сұрыптау түрлері. Жауабы



бет31/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Сұрақ 36:
Мал өнімдері белгілерінің тікелей селекцияға ұшырамауына байланысты сұрыптау түрлері.
Жауабы:


Сұрыпталу дегеніміз-тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды іріктеп, таңдап алу, құнсыз малды жарамсыздар тобына шығару. 
Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды.Негізінен тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын (табындағы малдың нәсілдік қасиеттері) адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады.Осы тұрғыдан селекцияны малдың адам баласы басқаратын эвалюция деп бағалау орынды. 
Сұрыптау туралы ілімді кезінде Ч.Дарвин жасған болатын.Ол толып жатқан деректердің негізінде тірі организмдердің жаңа формаларының пайда болуы, жер бетінде тіршілік ететіндеріне өзгеруі мен жетілдіруі табиғи және қолдан сұрыптаудың арқасында өтеді деп тұжырымдады. 
Өзінің пайдалы жеке өзгерістерінің арқасында сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген организмдердің тіршілік етіп,сақталуын табиғи сұрыптау деп атайды. Мәселен, сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген тірі қалып, көбеюі арқылы жануарлар мен өсімдіктердің жабайы түрлерінің әвалюциясы жүзеге асады.  
Қолдан сұрыптауды адам жүргізеді,мұнда ол өзіне қажетті қасиеттері бар жануарларды ұрпақ алу үшін іріктеп таңдап алып, сақтайды және көздеген мақсаттағы белгілері нашар дамыған жануарлардың тұқымдық мал ретінде көбеюіне жол бермейді. 
Сұраптау дегеніміз, басқаша айтсақ,өзгергіштік,тұқым қуалаушылық және тәрілікке бейімділік секілді құбылыстардың нәтижесі болып табылады.Сұрыптау қандай бағытта өтетін болса,тірі организмдер өзгеруі де сондай бағытта жүреді. 
Мәдени және интенсивті мал шаруашылығы жағдайларында қолдан сұрыптау негізінде творчествалық роль атқарады.алайда тұқымды жетілудің немесе жаңа тұқымды жетілдірудің немесе жаңа тұқым шығарудың барлық кезеңдерінде табиғи сұрыпталу сөзсіз әсер етеді.Оның әсерімен жануарлардың белгілі бір тіршілік ету жағдайларына бейімделгіштік, төзімділік, ауруларға қарсы тұра алушылық секілді бағалы қасиеттері орнығып, күшйе түседі.Табиғи сұрыпталудың әсерінен жеткілікті ескермеу малдың дене бітімінің сөзсіз нашарлауына,демек, бұл жұмыстың нәтижесіз болуына әкеп соқтырады. 
Н.П.Чирвинский қолдан сұрыптауды жануарлардың бір тобының тіршілік етіп, көбею құқығы алынып, екінші ұнамды топқа берілетін процесс деп есептеледі,бірақ өздеріне емес, адамға пайдалы болып табылатын ерекшеліктері бар жануарларды тұқымға қалдыру ісі деп санап.Мұндай процесті жүзеге асыра отырып, адам тобының,тұқымының дамуын өзіне қажетті жаққа қарай бағыттайды, мұнда қолдан сұрыптау белсенді әдіс сипатына ие болады. 
Ч.Дарвин сұрыптауды пайдалы өсімдіктер мен жануарларды шығарудағы адамның табысқа жетуінің негізгі кілті деп есептеді.Жүйелі сұрыптау болмай шығарылған бірде бір бағалы тұқым жоқ деп анық айтуға болады.Егер кез-келген тұқыммен тұрақты сұрыптау жұмысы жүргізілмесе, ол өзінің құндылығынан айырылып,тіпті азғындап, азып-тозып, түбінде тіршілік етуінде де тоқтататын болар еді. 
Сұрыптаудың нәтижелерінде едәуір дәрежеде сыртқы орта факторлары әсер етеді.Озат селекционерлер қашан сұрыптау жүргізілетін белгілерді дамытуға септігін тигізетін жағдайларды жасау қажеттігін ескере отырған. 
М.М.Щепкиннің «Қанның қасиетін білмейінше-асыл тұқымды мал өсіру мүмкін емес» деген сөзіне Н.Н.Завадовский «Сыртқы жағдайларды білмейінше-зауытшы да жоқ» деп қосты. 
Ч.Дарвин ең ежелгі адамдардың да жүргізгенін,бірақ олар тұқымды жетілдіру немесе жаңадан шығару ниетімен істемегенін атап көрсетті.Адам мүмкіндігінше ең жақсы, едәуір пайдалы жануарларды сақтауға немесе қолға түсіруге,табындағы осындай жануарлар санын ұдайы арттырып отыруға тырысты.Осының нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ белгілі дәрежеде жақсара берді. Мұндай сұрыптауды ғылым мақсатсыз сұрыптаудеп атады.Оның тиімділігі өте ұзақ уақыттан кейін байқалады және ол шын мәнінде жануарлардың жергілікті тұқымдарының бір кезегі қалыптасу тариха үшін ғана маңызды болады.Мақсатсыз сұрыптау дүние жүзінде соңғы 150 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының осы заманғы бағалы тұқымдарының шығарудағыдай нәтиже бере алмас еді. 
Мал шаруашылығын мәдени түрде жүргізу жағдайларында қолда бар тұқымдары жетілдіру және жаңа тұқымдарды шығару процесі әдістемелік сұрыптаудың әсерінен жүзеге асады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:алдын ала белгіленген нәтижелерге жету; жануарлардың белгілі бір қасиеттері мен белгілерін жүйелі түрде бағалап отыру; табындағы уақытта мақсатты пайдалануға арналған ерекше толтарды бөліп көрсету. 
Зоотехнияда табиғи және қолдан сұрыптау туралы Ч.Дарвин ілімін дамыту процесінде сұрыптаудың формаларын шектейтін қосымша атаулар енгізілген.Жануарлардың қажетті типі шағарылып,оны сақтау керек болғанда және табында белгілі бір кезең ішінде өзгеріссіз қалдыратын жағдайда,бұл қажетті, талаптан ауытқитын жануарларды жарамсыздар тобына шығару арқылы жүзеге асырылады.Қалыптасқан нормадан ауытқушылық жағдайлары табиғи сұрыпталуда да кездесуі мүмкін.И.И.Шмальгаузен мұндай сұрыптауды тұрақтандырушы сұрыптау деп атауды ұсынды. Тікелей шаруашылық құндылығы жоқ, көп ретте морфологиялық белгілері бойынша сұрыптауды Е.А.Богданов жанама сұрыптау деп атауды ұсынды.Мұндай сұрыптау корреляция заңына (салыстырмалы өзгергіштік) негізделеді оның мәні төменде баяндалады. 
Мал шаруашылығын интенсивтендіру және бұл саланы өнеркәсіптік технологияға көшіру жағдайларында жануарларды күтіп-бағу мен пайдаланудан жаңа жағдайларына бейімделушігіне қарай жетілдірудің айрықша маңызы зор.А.И.Овсянников мұндай жағдайларға едәуір бейімделген жануарларды сұрыптауды технологиялық сұрыптау деп атауды ұсынды. 

Еркін Хадиша 37-43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет