Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Сұрақ 32. Штапельде және жалпы рунода талшықтың қалыңдығы мен ұзындығы бойынша жүннің біркелкілігі? Жауабы



бет27/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Сұрақ 32. Штапельде және жалпы рунода талшықтың қалыңдығы мен ұзындығы бойынша жүннің біркелкілігі?
Жауабы:
Қазақстанда етті-жүнді кроссбредті қой шаруашылығы ХХ ғасырдың аяғында қарқынды дами бастады. Бірақ осыған қарамастан, өзінің тиімділігіне байланысты дегерес, қазақтың етті-жүнді, қазақтың биязылау, ақжайық етті-жүнді кроссбред қой тұқымдарын Республиканың барлық аймақтарында кең тараған және жоғары сапалы кроссбредтті жүн, жас қой етінің негізгі қайнар көзі болып табылады.
Ақжайық етті – жүнді қой тұқымы саны мен өнімдік деңгейі бойынша республикада қос бағыттағы қой тұқымдарының арасында жетекші орын алады. Элита және бірінші класты қошқарлар мен саулықтардың тірілей салмақтары 137 – 95 кг және 65 – 55 кг, жүн түсімі 7,5 – 10,4 және 4,4 – 5,7 кг немесе шығымдылығы 60 – 63%, таза жүн түсімі 5,0 – 6,5 және 2,6 – 3,3 кг. Жүн талшығы кроссбред сипатты, ұзындығы 12 – 18 см, жіңішкелігі 58 – 48 сапада, жылтыр ақ түсті, дене бөлшектері мен штапельдегі жүн біркелкілігі жоғары. Мұндай жүн үлкен сұранысқа ие және тоқыма бұйымдар, техникалық шұға, арнайы маталар, сондай-ақ кілем тоқу үшін бағалы шикізат болып табылады [1,2].
Кроссбредті қой шаруашылығында жүн өнімдерінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі жүн ұзындығы. Ақжайық етті – жүнді қой тұқымының ұнамды типінің тұқымдық қошқарларының жүн ұзындығы 15 см (11,5%) және оданда жоғары, толықтырушы қошқарлар 2,21 16,9%, сатуға арналған қойлардың элитасы – 16 (12,3%), ал бірінші класқа – 15 (12,5%), саулықтарында 0,4 және 0,8 (3,3;7,3), жылдық тоқтыларда – 1,1 және 1,3 см (8,5;10,8%). Бұл тұқымнан алынған жүннің ұзындығы стандартқа сай келеді. [3,4].
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы асылтұқымды шаруашылықтың бірі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің асылтұқымды шаруашылығы, бұл шаруашылықта қойдың саны 4467 басты құрайды, оның ішінде аналық саулық 2700 бас немесе 60,4%.
Демек, осы өңірде өсірілетін ақжайық етті-жүнді қойларының негізгі шаруашылық - пайдалы белгілерінің өзара байланысын зерттеп, болашақта өнімділік көрсеткіштерін жоғарылату бүгінгі таңдағы өзекті мәселердің бірі болып саналады. Ақжайық етті-жүнді қой тұқымы қазақ ғылыми зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институтының ғалымдары мен шаруашылық мамандары бірлесе отырып, жергілікті, биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді будан саулықтарды цигай, линкольн, ромни марш және қазақтың биязы жүнді қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған (1991ж).
Біздің ғылыми ізденіс жұмысымыз жүргізілетін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ң асылтұқымды қой шаруашылығы өсірілетін ақжайық етті-жүнді қойларының бастапқы ет және жүн өнімділігі қанағаттанарлық деңгейде, яғни қойлардың еттілік формасы жақсы, кросбредттік жүннің жіңішкелігі 58-50 сапалы, ұзындығы 12-15 см. Шаруашылықта ақжайық етті – жүнді қой тұқымының санын көбейту, асыл тұқымдық қасиеттерін және өнімділік көрсеткіштерін жетілдіру бағытында асылдандыру селекциялық жоспары жасалынған. Асылтұқымдық жұмыстар осы жоспарға сәйкес орындалады. Мамандардың жүргізген сұрыптау жұмыстарының нәтижесінде жалпы қой санының 90,8% ұнамды мал топтарына бөлініп, шаруашылық жағдайында осы элита және І класс саулықтарынан жалпы саны 467 бас селекциялық топ құрылған. Осы топтағы саулықтардың орташа тірілей салмағы 55,7 - 56,9 кг, таза жүні – 2,6 - 2,8 кг, жүн талшықтарының ұзындығы – 13,5 - 14,0 см. Қошқарларының тірілей салмағы – 94 – 120 кг, саулықтардікі тиісінше 50 - 55 кг. Жуылған жүннің қырқымы қошқарларда 5,4 - 6,7 кг, саулықтарда 2,5 - 2,8 кг, жүннің ұзындығы 13 - 18 см. Ақжайық етті – жүнді қойларының өсіп жетілуі жақсы, енелерінен айырғанда қозыларының салмағы 27-30 кг тартады, 4-4,5 айлық кезінде сойғанда 13-14 кг таза ет береді, бордақылағаннан кейін 7,5-8 айлық кезінде 20-21 кг ет береді. Аналық саулықтардың төлдегіштігі 125-136%.
Ақжайық етті – жүнді қой тұқымының саны мен өнімдік деңгейі бойынша республикада қос бағыттағы қой тұқымдарының арасында жетекші орын алады. Элита және бірінші класты қошқарлар мен саулықтардың тірілей салмақтары 137 – 95 кг және 65 – 55 кг, жүн түсімі 7,5 – 10,4 және 4,4 – 5,7 кг немесе шығымдылығы 60 – 63%, таза жүн түсімі 5,0 – 6,5 және 2,6 – 3,3 кг. Жүн талшығы кроссбред сипатты, ұзындығы 12 – 18 см, жіңішкелігі 58 – 48 сапада, жылтыр ақ түсті, дене бөлшектері мен штапельдегі жүн біркелкілігі жоғары. Мұндай жүн үлкен сұранысқа ие және тоқыма бұйымдар, техникалық шұға, арнайы маталар, сондай-ақ кілем тоқу үшін бағалы шикізат болып табылады [1,2].
Кроссбредті қой шаруашылығында жүн өнімдерінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі жүн ұзындығы. Ақжайық етті – жүнді қой тұқымының ұнамды типінің тұқымдық қошқарларының жүн ұзындығы 15 см (11,5%) және оданда жоғары, толықтырушы қошқарлар 2,21 16,9%, сатуға арналған қойлардың элитасы – 16 (12,3%), ал бірінші класқа – 15 (12,5%), саулықтарында 0,4 және 0,8 (3,3;7,3), жылдық тоқтыларда – 1,1 және 1,3 см (8,5;10,8%). Бұл тұқымнан алынған жүннің ұзындығы стандартқа сай келеді. [3,4].
Ақжайық етті – жүнді қой тұқымының таза жүн түсімі, тұқымдық қошқарларда 63,9% құрайды. Бұл көрсеткіштер ақжайық қойының жүн өнімділігінің жақсы екендігін көрсетеді.
Сонымен бірге ақжайық етті – жүнді қой тұқымы ең сапалы кроссбредтті жүн береді және де қозылары тез жетілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл жүн өнеркәсіп үшін қажетті сапалы өнім болып табылады. Жалпы, ақжайық етті-жүнді қой тұқымының жүні – кроссбред және кроссбред типтес өте сапалы жүн болып табылады, ал сонымен бірге олар жүндерінің түсі жылтыр, ақ түсті, штапельдегі жүн біркелкілігі жоғары болып келеді. Мұндай жүндер тұтынушылар сұранысына ие және жеңіл өнеркәсіп үшін сапалы жүн.
Батыс Қазақстан облысындағы БҚАТУ-нің асылтұқымды шаруашылығында өсірілетін бастапқы ақжайық етті – жүнді қойларының өнімділік қасиеттері қанағаттанарлық. Яғни, элита және асылтұқымды қошқарларының және саулықтарының тірілей салмағы, сәйкесінше 94-120 кг және 55-60 кг, ал таза жүн түсімі, сәйкесінше 5,4-6,7 кг және 2,6-2,8 кг, шығымдылығы 63-60 %.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет