Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Ж 53.Малды гибридтеудің мақсаты мен міндеттерінің бірі А



бет45/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Ж

53.Малды гибридтеудің мақсаты мен міндеттерінің бірі


А
Красота В.Ф., Лобанов В, Т., Джапаридзе Т.Г. пікірлерінше мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы түрғыдан гибридтеу екі бағытта қолданылады:
1) өндірістік гибридтеу жолымен, яғни екі түрдің өкілдерін шағылыстыру арқылы, мол өнімді тек бірінші ұрпақ гибридтерін алу. Мысалы, жылқының биесін есектің айғырымен шағылыстыру арқылы жүк тартуға, мініске жылқыдан да, есектен де анағүрлым төзімді, әрі күшті және үзақтіршілік ететін қашыр алу ертеден қалыптасқан тәсіл.
2) жаңа мал тұқымын шығару. Бұл бағыттағы жүмыс зауыттық немесе кірістіре будандастыру жолымен жүргізіледі. Мысалы АҚШ-та шортгорн сиырын үнді зебуімен гибридтеу нәтижесінде санта-гертруда, шароле мен герефорд сиырларын бизонмен шағылыстырудан бифали атты етті бағыттағы жаңа тұқымдар шығарылған.
Садықұлов Т.С. пайымдауынша табиғи жағдайдың өзінде екі түр өкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін қүбылыс. Себебі эволюция барысында екі түрдің шағылысуына жол бермейтін біршама кедергілер қалыптасқан. Осы кедергілерден өту жолдарын ашу биология саласындағы ғылымдардың басты мәселелерінің бірі. Өйткені, бір түрмен селекция келешекте мүмкіншілік шегіне жеткен уақытта оның жететін жаңа белестерін ашудың жолы басқа түрмен гибридтеу болмақ.
Кравченко Н.А. айтуынша жылқыны есекпен будандастырып, қашыр алуды гибридтеудің ежелгі формаларының бірі деуге болады. Қашыр өсіру Ежелгі Римде кең дамыған. Қашыр -- төзімділігі, ұзақ жасайтындығы және кұмыс қабілеті жөнінен ешбір жануар тең келе алмайтын жүк көлігі. Оны есек пен биені будандастыру арқылы шығарады, есекті айғырмен жұптастырудан қарта қашыр туады. Қашыр жылқыдан ірі, әрі бағалы, бірақ, әдетте, бедеу болып келеді. Бұл жануарларды "өз ішінде" өсіру мүмкін болмады. Көптеген зерттеушілер "сүтті зебу тәрізді" мал алу үшін 1 ұрпақтың ибридтерін "өз ішінде" өсіру тиімді емес деп есептейді. Мұнда ауыспалы будандастыру да дұрыс баға алмады. Сүтті гибридтерді зебу қанының 18-116 улесі деңгейінде және бастапқы зауыттық тұқым қанының 78 және 1516 үлесі деңгейінде алудың болашағы бар деп есептеледі. Бірқатар авторлар II ұрпақтың гибридтерін (зебу қанының 14 үлесі және бастапқы зауыттық тұқым қанының 34 үлесі) өсіруді жақтайды. Зебу қанының үлесін кеміткен сайын ибридтердің қан паразиті аурулары мен сыртқы факторлардың қолайсыз жағдайларына төзімділігі кемиді.
Ірі қараны гаялдармен және африкалық ватуси малымен будандастырудан да гибрид алынған. Африкалық канна бөкені шалғай гибридтеу үшін ең қолайлы түр болып табылады. Бұл бөкендердің ішіндегі ең ірі түрі: еркегі -- 700 кг, ұрғашысы 540-500 кг тартады. Ұрғашылары жақсы сауылады, лактация ішіндегі сүттілігі 700 кг-нан аспайды, бірақ сүтінің майлылығы 10-14 пайызға дейін жетеді. Канна бөкенінің сүті шипалық және бактерицидтік қасиеттерге ие. Оның сүтінен ашытылған айран әдеттегі жағдайларда көптеген жылдар бойы бұзылмайды. Қазіргі кезде канна бөкені аталығының спермасын қынапқа құйып алып, гибридті формалар шығару үшін сиырларды қолдан ұрықтандыру әдісі жасалған.

Иманкулова Айшат 54-58


Жібермеді

Кайрат Карина 59-63


Жібермеді

Крым Үміт 64-70




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет