Автоматтық басқару


Энергия жүйелеріндегі айнымалы және тұрақты желілердің орны мен рөлін негіздеңіз



бет4/8
Дата28.03.2023
өлшемі28,56 Kb.
#76668
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Энергия жүйелеріндегі айнымалы және тұрақты желілердің орны мен рөлін негіздеңіз. Қазіргі электроэнергетикада электр беріліс желілерінің екі түрін бөліп алуға болады: алыс қашықтыққа жоғары қуатты тарататын магистралды электр берілістер және тұтынушыға тікелей электрэнергиясы бойымен тарайтын үлестіруші желі жолдары. Қазіргі кезде кернеулері 1150 кВ айнымалы токта, 1500 кВ тұрақты токта электр берілістері құрылып жатыр және де бұдан да жоғары кернеуге есептелінген электр берілістердің жобалары жасалуда. Электр энергиясы берілетін қашықтықар 1000 км-ден асып жатыр. Тұрақты тоқ желілерінің артықшылығы келесіде тұрады. Тұрақты ток желісі арқылы өтетін беріліс қуатының мөлшері оның ұзындығына тәуелді емес және тұрақты тоқ берілісінен әлде қайда көп. Тұрақты токтың электр беріліс желісіне сай шектік түсінік алынады. Тұрақты токтың электр беріліс желісімен байланысқан энергожүйелер синхронды емес болып немесе әр түрлі жиілікпен жұмыс істей алады. Электрэнергияның өндірілуі мен тұтынылуы айнымалы тоқта орындалады.Тұрақты тоқ желілерінің негізгі элементтері – басқарылатын жоғарғы вольтты түзеткіштер, олардан түрлендіргіш қосалқы станциялардың сұлбалары жиналады. Тұрақты ток желіде айнымалы ток желісінде болатын зариядық қуат болмайды. Бұл жағдайда кабельдік желілерде үлкен әсерін тигізеді.
Айнымалы ток кабельдік желіде зарядтық қуат олардың ұзындығын және жіберілетін тиімді куатын, кабельдік ток жіберетін өзекшелердің қызу себебінен, шектейді. Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады. Айнымалы ток айнымалы кернеу арқылы өндіріледі. Энергияның тербелуі айнымалы ток тізбектерінде реактивті ток тудырады, ол сым мен ток көзіне артық ауырлық түсіреді және қосымша энергия шығынын жасайды. Бұл — айнымалы ток энергиясын берудегі кемшілік. Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет