Автоматтық басқару


Электр энергиясын өндірудің жаңа техникасы мен технологиясын бағалаңыз



бет3/8
Дата28.03.2023
өлшемі28,56 Kb.
#76668
1   2   3   4   5   6   7   8
4.Электр энергиясын өндірудің жаңа техникасы мен технологиясын бағалаңыз. 2011 жылы Жапонияның шығысында болған зілзала салдарынан Фукусима атом электр стансасында апат болды. Сол оқиғадан кейін Жапония үкіметі энергетика саласын реформалауды бірден қолға алды. Күн, жел және геотермалды энергия көздерін қайта өңдеу арқылы пайдалану әдістерін кеңінен қолданысқа енгізу көзделген.2011 жылы шамамен 1,9450000 квт жаңғырмалы энергия пайдаланылған. Оның ішінде күннен алынған қуат 4800000 квт-қа жеткен. Сол жылы Канагава префектурасы, Кавасаки қаласында екі жаңа электр стансасы іске қосылды. Қос стансаның энергия өндіру мүмкіндігі 20000 квт, яғни 5900 үйді табиғи қуат көзімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Жапония үкіметі 2009 жылдан бері жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану тиімділігін зерттеп келеді. Кейінгі кезде ең тиімдісі жердің қызуы, яғни геотермалды энергия түрлері екендігі сараптау нәтижесінде анықталған.Геотермалды энергия жер қаба­тындағы энергиядан туындайтын бумен турбинаны айналдыру арқылы алынады. Жапония геотермалды энергия көздерін пайдалану жөнінен бүгінде Индонезия мен Америкадан кейінгі үшінші орында тұр. Жапонияда алғаш геотермалды энергия көздерін өндіру 1966 жылы басталды. Иватэ префектурасында салынған Мацукава геотермалды электр стансасында бүгінде 23,500 квт геотермалды энергия өндіруге рұқсат берілген. Бір ғана Токио бұғазында күн қуатынан энергия алатын екі станса жұмыс істейді.Ең үлкен геотермалды электр стансасы Кюсюдің Хаччоубару жерінде. Энергия өндіретін қос қондырғыдан 112, 000 квт энергия шығады. Бұл дүние жүзі бойынша ең алып геотермалды энергия стансасы. Геотермалды стансаның ерекшелігі көмір пайдаланылмайды, жер қызуы деп аталатын таза жапониялық энергия түрі өндіріледі. Зиянды заттар мүлдем бөлінбейтін энергияның таза түрі болып табылады. Станса ауа райы мен тәулік мерзіміне тәуелді емес, кез келген жағдайда жұмыс істей береді. Бүгінгі таңда жапон ғалымдары энергияның бұрын-соңды болмаған жаңа түрлерін өндіру жолдарын қарастыруда. Мысалы 2011 жылы зілзаладан орасан шығынға ұшыраған Фукусима жеріндегі Цучию деп аталатын табиғи ыстық қайнардан энергия өндіру әдістері зерделенуде. Фукусима қаласындағы шипалы суға қатысты ғалымдар жаңа жоба жасап, одан геотермалды энергия түрін алуды ойластыруда. 1970 жылдары мұнай нарығындағы дағдарыстарды өткерген соң Жапония үкіметі әр аймақты жергілікті энергия көздерімен қамтамасыз етуді қолға алды. Нәтижесінде энергия өндірісі жөнінен Жапония дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазіргі кезде Жапонияны энергиямен қамту жөнінен 60 пайыздан астам көрсеткішке ие болып отырған жылу электр стансалары жаңа технологияларды пайдаланып, аймақты энергиямен қамтуда зор мүмкіндіктерге қол жеткізді. Соның жарқын мысалы, табиғи газды отын ретінде пайдаланып, энергияны қайта өңдеу әдісін айтуға болады. Яғни бүгінге дейін шығын болып келген энергияны үнемдеп, қайта пайдаланып, жаңа энергия өндіру әдісі. «Бүгінге дейін жылу электр стансасының энергия өндірісіндегі үлесі 42 пайыз болса, жаңа әдісті пайдаланып, 58-60 пайызға жеткізуге болады», дейді жапон мамандары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет