Автоматтық басқару


Электр энергетикасын дамытудың әлемдік және отандық үрдістерін түсіндіріңіз



бет2/8
Дата28.03.2023
өлшемі28,56 Kb.
#76668
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Электр энергетикасын дамытудың әлемдік және отандық үрдістерін түсіндіріңіз. «Жаһандану дәуірінде электр энергетикасының біздің алдымызға қоятын міндеттері көп. «Жаңа технологиялардың даму жылдамдығына көз ілестіру мүмкін болмай барады. Жақында Энергетика министрлігі 139 мемлекет бойынша 6 млн ақпараттық мәліметтерді ескере отырып, әлемдік және отандық сарапшылардың қатысуымен зерттеу жүргізді. Оның нәтижесіне сүйенетін болсақ, жақында энергия тиімділігінің, жаңартылатын энергия көздерінің мәні арта түспек. Мысалы, 2050 жылы әлем бойынша энергия тұтыну 2015 жылмен салыстырғанда 3 пайызға төмендейтінін айтуға болады», деді министр. Оның айтуынша, 2050 жылға дейін газ бен мұнай көздерін тұтыну әлем бойынша ең жоғары көрсеткішке жетеді. Ал Қазақстанда 2050 жылы электр энергиясын қолдану биылғы жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп болмақ. Осы ретте министр Халықаралық инженерлік қауымдастықпен байланыс орната отырып энергетика технологиясын одан әрі дамытуды қолға алуға болатынын айтты. «Энергияның қауіпсіздігі, қолжетімділігі мен экологияға қауіп тигізбеуі басты назарда болуы керек. Сонымен қатар, интеллектуалды жүйеге, энергияны сақтау мен таратуға, әлеуметтік өмірді экологиялық қауіпсіз етуге қажетті технологиялар жасау үшін ғылыми зерттеулер жүргізуді қолға алған жөн», дей келе министр аталған жұмыстарды атқару барысында KEGOС компаниясының рөлі зор екенін ерекше атап өтті. «KEGOС тек желілік компания ғана емес, ол біздің желілік операторымыз», деді министр. Бақытжан Қажиевтің айтуынша, болашақта электр энергиясының дамуы үш бағытта өрбитін болады. Оның біріншісі – жаңғырмалы энергия көздері дамып, өндірістің энергиялық тиімділігі артады. «Қазір экология әлемнің басты назарында тұр. Энергияны тиімді пайдалану мәселесі де көпшілікті алаңдатады. Сондықтан, эко­логиялық қауіп электр энергия­сын дамыту үшін жаңа жолдарды табуға итермелейді», деген компания басшысы дамудың екінші бағытында электр энергиясының интеллектуалдылығына мән бе­ру керектігіне назар аударды. «Басқарудың жаңа IT-тех­но­­ло­­гияларына байланысты энергетикалық компаниялармен байланыс орнататын белсенді тұтынушылар артады. Яғни, электр энергиясы жүйесі күр­де­­лене түседі. Әлемдік электр энер­­гетикасын дамыту жолында осы мәселені шешу үшін ин­но­вациялық даму тұжырымдамасы жасалды. Ол «Smart Grid» деп ата­латын интеллектуалды электр жүйесі», дей келе Бақытжан Қажиев Қазақстанның отандық жүйесінде интеллектуалды сипаттағы электр жүйесі элементтері енгізілгенін атап өтті. Ал электр энергиясы дамуының үшінші бағыты – электр энергиясы жүйелерінің халықаралық интеграциясы. Оған мысал ретінде, АҚШ-тың жеке штаттарының электр жүйелерін біріктіре отырып ортақ жүйе құрғанын, оның жалпы қуаты мыңдаған гигаваттан артқанын айта кетуге болады. «Бұл бағытта халықаралық энергетикалық бірлестіктер құруға болады. Бірақ сондай жобаларды жүзеге асыру үшін технологиялық міндеттер көп. Себебі, жүйелердің ауқымы артқан сайын оны басқару да қиындай береді», дейді Басқарма төрағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет