Автоматтық басқару


Энергетиканың жаңа ресурстарын таңдаңыз



бет7/8
Дата28.03.2023
өлшемі28,56 Kb.
#76668
1   2   3   4   5   6   7   8
8. Энергетиканың жаңа ресурстарын таңдаңыз. Қазіргі таңда қолданылып келе жатқан энергияның басым бөлігі мұнай мен көмірден алынады, алайда, табиғи газдан алынатын энергия көлемдері де өсуде. Бұл көмірсутегілер бізге энергия беріп, үйлеріміз бен жұмыс орындарымызды жылытады, бізді жұмысымызға, мектепке немесе бізге қажет кез-келген жерге жеткізетін көлік жүйелерін жанармаймен қамтамасыз етеді. 2050 жылға қарай ғаламшарымыздың халық саны 9 миллиардқа дейін өседі деп күтілуде, яғни, бүгінге қарағанда 2 миллиардқа жуық адамға көп. Дамушы елдердегі көптеген адамдар өмір сүру деңгейлерін өсіріп, орта класс өкілдеріне айналады. Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Сарқылатын (көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар). Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия). Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна. Күн- өте қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн сәулесінен жұмыс істейтін батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдарды кептіруге, технологиялық процестерде қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5м/сек жоғары болатын жерлерде электроэнергияны желден алуға болады. Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті. Осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясын кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді. Экологиялық жағдайға зияндық әсері жоқ деп, тағы бір энергия түрін айтуға болады. Бұл жер қабатында (5метр тереңдікке дейінгі) болатын геотермалдық жылу электрстанциялары (ГеоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГеоЖЭС (50мВт) АҚШ-та.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет