Қазақ Әдебиеті бөлімінің білім алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда «диуани хикметтің» маңыздылығЫ



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата05.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#60477
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
Қорытынды 
Біз «Қазақ тілі және әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша кәсіби 
бағытталған шет тілін оқытуда әдебиетті, әсіресе Ахмет Яссауидің «Диуани 
хикметін» және Синквейн әдісін пайдаланудың қаншалықты маңызды 
екендігін көрсеткіміз келді. Әр хикметтің тақырыбын құрастырып, 
етістіктерді, зат есімдерді, сын есімдерді саралап, сыни ойлау арқылы 
хикметтерге талдау жасадық. Хикмет тілінің қиын болғанына қарамастан,
білім алушылар сөйлеу, оқылым, жазылым, тыңдалым сияқты дағдыларын 
дамытуға өз тараптарынан ат салысты. Шет тілдерін оқыту процесінде 
шығарма тілі төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым және сөйлеу) 
дамыту үшін ең қолайлы үлестірмелі материал [11]. Сонымен қатар, Синквейн 
әдісі қарапайым коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыратындығы да 
белгілі. Осы әдіс арқылы білім алушының мәдени, тұлғалық және танымдық 
тұрғыда дамуы іске асады. Жалпы шетел тілін оқыту келесі мәселелерді 
шешуге бағытталған. Ол жайлы С.С.Құнанбаева өзінің мақаласында атап 
өткен:
 шетел тілі сөйлеудің құралы екендігі жайлы түсінік 
қалыптастыру; 
 лингвистикалық ой-өрісті кеңейту
 коммуникативтік-педагогикалық бейімделуді қамтамасыз 


ету; 
 тұлғалық қасиеттерді дамыту; 
 эмоционалдық ауаны дамыту; 
 жаңа әлеуметтік тәжірибеге баулу; 
 рухани-адамгершілік тәрбие беру
 танымдық қабілеттерді дамыту [12]. 
Яссауи шығармаларының синквейнін жасай отырып, хикметтерде 
қаншалықты құнды ақпарат жатқандығын және «Диуани хикметті» тек қазақ 
тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге де зор септігін 
тигізетіндігін түсінді. Студенттер жеке, жұппен немесе топпен жұмыс жасап, 
ортақ мәселені талқылап, оның шешімін таба алды. Синквейн әдісі оларды 
Яссауи шығармасын жан-жақты зерттеп құнды мәліметтерді табуға 
ынталандырды.
«Диуани хикмет» арқылы білім алушылар сөйлемнің грамматикалық 
құрылымы, ойдың байланысу тәсілдері, синтаксис, лексикалық және 
синтаксистік бірлік сияқты жазба тілдің көптеген ерекшеліктерімен танысты. 
Студенттер негізгі кейіпкер Яссауидің эмоционалдық реакциялары мен 
моральдық қиындықтарын сезіне отырып, оның хикметтері кімге арналып 
жазылғандығын қарастырды. Ағылшын тілін аталған әдіс арқылы оқытуда 
шәкірттердің ынтасы, қызығушылығы, тілді меңгеру деңгейі сияқты 
қабілеттерінің артқандығын ескере отырып, хикметтердің олардың шынайы 
өмір тәжірибесіне, эмоцияларына, армандарына оң әсер бергедігін түсіндік. 
Бұл әдіс ағылшын тілін үйретуде ғана емес, сонымен қатар өмірдегі болып 
жатқан жағдаяттарды бақылауға да арналған тамаша ресурс құралы бола 
алды. Ағылшын тілін оқытуда «Диуани хикметті» пайдалану - студенттердің 
өмір мен адамдар туралы түсініктерін кеңейткендігін, оқуға деген ынтасын 
арттырғандығын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал еткендігін, ақпарат 
алу, анықтау дағдыларын меңгеруге көмектескендігін байқадық. Бұл 
артықшылықтар шет тілін үйренудегі стрессті азайтатындығына көз жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет