«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет76/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оспанова Г.Е. 
Е.С.Бозғұлов атындағы 249 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазақстан 
Бүгінгі қоғамдағы басты шарттардың бірі ретінде балаға берілетін тағылымды 
тәрбиені атап өтсек қателеспейміз. Жаһандану заманында, баланың қоршаған ортасы 
техника әлеміне айналған ғасырда рухани құндылық тәрбиесі басты орынға шығып отыр. 
Болашақ жас ұрпақты кітап оқу арқылы адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірбандыққа 
баулу өзекті мәселенің біріне айналды.
«Тағылым» деген сөздің мағынасы кең, ауқымды, тереңірек. Оған бүкіл тәрбие 
мәселелері кіреді. Оның сыртында, поэзия тағылымы, ақын-жазушылар тағылымы, билер 
мен шешен сөздер, қанатты сөздер мен нақыл сөздер тағылымы, мақал-мәтелдер тағылымы, 
батырлар тағылымы, қоғам қайраткерлерінің тағылымы, ескерткіштер тағылымы, қажет 
десек, Ыбырай, Абай, Мұхтар, Ғабит, Бауыржан, Мұқағали, Махамбет, Қадір және т.б. 
тағылымдарын атауымызға болады.Осының ішінде Ыбырай шығармаларына тоқталайық.
Ыбырай Алтынсарин өзінің саналы ғұмырын балаға саналы тәрбие мен сапалы білім 
беруге арнаған бірден бір ғұлама. Педагогтік, ағартушылық мақсатына орай ол төл 
әңгімелерінде, тәрбиелік мәні зор тақырыптарды көтерді. Қазақ балаларын ең алдымен адал 
еңбекке баулып, өнер іздеуге, талабын шыңдауға шақырады. Ата-ана мен бала қарым-
қатынасы немесе ізгілік, үлкенді құрметтеу жайы, адал достықты ардақтап, жамандық пен 
надандықты әшкерелеу, жалқаулықты сынау Ы.Алтынсариннің әңгімелері мен 
аударламарындағы өзекті мәселелер болды [1]. 
Ағартушының «Бай баласы мен жарлы баласы» деген әңгімесінде екі түрлі тәлім-
тәрбие көрініс табады. Басты кейіпкерлері Асан мен Үсеннің тұрмыс-тіршілігін суреттей 
отырып, олардың іс-әрекеттеріне баға береді. Ойнап жүріп, елден адасып, қиындыққа тап 
болған балалар тағдырдың тартуын әр түрлі қабылдайды. Бай баласы Асан өмірден баз 
кешіп, сары уайымға салынып, аһ ұрса, жарлы баласы Үсен байсалдылық танытып, саналы, 
сабырлы түрде әрекет жасай бастайды. Жарлы баласының тапқырлығы, төзімділігі 
арқасында екеуі аман-есен ауылына оралады. Екі қарсы мінезді суреттей отырып, автор 
қоғамда балаға тәрбие беруде кететін кемшін тұстарды нақты көрсете білді. Асан арқылы 
ол жалқау, қорқақ, ойсыз, қыңыр мінезді бай баласын танытса, Үсен бейнесінен 
еңбексүйгіш, тапқыр, ақылды, іске икемді, сабырлы асыл мінездерді байқауға болады. 
Баланы жастайынан еңбекке баулыған ата-ана баласының болашақтағы өміріне 
алаңдамауына болады. «Еңбектің наны тәтті» дегендей, Үсен басына қара бұлт төнгенде 
Асан тәрізді шыдамсыздық танытпай, ақылмен шешіп, жолын табады. Сондықтан, бай 
баласы бол, жарлы баласы бол бірақ өмір сынақтарына қарсы тұра алатындай батыл жүректі 
болу керек деген тұжырым жасайды.


229 
Еңбек тақырыбымен қатар адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге байланысты да 
әңгімелері жетерлік. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Асыл шөп», «Жаман жолдас», 
«Әке мен бала», «Шеше мен бала» тәрізді шығармаларын жас ұрпаққа оқытып, тәлім-
тәрбие беруге болады. Шығармаларында әке деген құрметті атты да жоғары дәріптейді. 
«Бақша ағаштары» әңгімесі де әке мен баласының арасындағы сұхбаттасудан өрбиді. 
Күнделікті көріп жүрген қарапайым ағаш бұтағының өсуі арқылы тәрбиенің қыр-сырын 
ашады. Бір ағаш қисық өссе, келесі ағаш түзу болып өседі. Оның бәрі бағбанның күтім 
жасауына байланысты екендігі айтылады. Ал бала бағбаны ата-ана екені баршамызға аян. 
Сондықтан баланың қисық ағаштай қыңыр да сүйкімсіз болуы да, түзу, әдемі, сырт бейнесі 
жан дүниесімен үйлесім тапқан азамат болуы да отбасында көрген тәрбиеге байланысты 
екендігін керемет айта білген. Оны әңгімедегі әкесінің мына сөздерінен аңғаруымызға 
болады: «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен де өзіңе ғибрат 
алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, 
пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі 
болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің» 
[1].
Келесі бір ғибратқа толы шығармаларының бірі – «Таза бұлақ». Әңгіменің негізгі 
арқауына айналған тазалық, имандылық, адалдық тақырыбы үш жолаушының бұлақ 
басындағы диалогтарында көрініс табады. «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол» деген 
жазуына әр жолаушы түрлі пікір білдіреді. Саудагер өз тұрғысынан баға беріп: «Бұл 
жазылған ақыл сөз екен, бұлақ тоқтамай тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара 
кеңейіп, үлкейеді, бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болады. Нәтижесінде: сен 
де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланба, сөйтсең мұратыңа жетесің» десе, 
екінші жолаушы мүсәпір молда: «Бұлақтан қай кезде болса да кез келген жан жанына рахат 
тауып, шөлін қандыра алады және ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Сондықтан бұдан 
шығатын қорытынды біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе» 
десе, үшінші жолаушы көркем әдемі жігіт: «Егер бұл бұлақ суы бір орында тынып тұрса, 
лайланса, бұған ешкім ынтық болмас еді. Тынбай ағып тазаланғаны үшін де қадірлі. 
Жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтасаң, жаның да осы бұлақ 
тәрізді айқын, мөлдір болары сөзсіз» деп ойын білдіреді.
Бұл шығарманың негізгі түйіні – адамның жаны рухани дүниесі бұлақ тәрізді таза 
болса, адамдарға деген пейілі де таза болады.
«Жаман жолдас» әңгімесінің де қазіргі таңда өзектілігі артып отыр. Аюға кездескен 
екі жолдастың бірі әлсіз, аурушаң болса, екіншісі дені сау, мықты жас жігіт өз әлдеріне 
қарай әрекет жасайды. Аурушаң бала қашуға әл-дәрмені жетпей жерде өлген кісі бейнесінде 
жата қалса, екіншісі ағашқа өрмелеп шығып, өз жанын ғана күйттеп кетеді. Сөйткен аю да 
жатқан балаға тимей өз жөнімен кетеді. Ағаштан түскен бала таңданысын жасыра алмай, 
аюдың не дегенін, қалай аман қалғандығын сұрағанда, «Аю құлағыма ақыл сыбырлады, 
екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма» - дейді. 
Әңгіменің басты идеясы – қиындықта тастап қаша жөнелетін жандардан бойды аулақ ұстау.
Бір рет сатқындық жасаған адам, келесі жағдайларда да өзін дәл солай ұстау мүмкіндігі 
баяндалады.
Ағартушының тек прозалық шығармалары емес, өлеңдері де тәрбиелік ұғымдарға 
толы. Келесі өлең жолдары соның дәлелі іспеттес.
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар, 
Оқымыстың байлығы, 
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар, - десе, 
келесі «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңінде: 
Атаңды сағындым деп асығарсың, 
Сабаққа көңіл берсең басыларсың. 


230 
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың, 
Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың. 
Міне, осы өлең шумақтары арқылы баланың ойына ой салып, бойына жақсылық 
дарытуға болатындығы айқын. Ал,
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен, 
Кете бар кессе басың шындықпенен! 
Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем, 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен, - деген өлең жолдары арқылы ұрлықтан аулақ 
болып, тек адал жолмен жүріп, еңбекпен тапқан нанның тәтті екендігін ұғындыруға болады. 
Ыбырай шығармаларының тілі жатық, оқыған адамға түсінікті, айтар тағылымы мол 
дүниелер екені даусыз. Шығармаларды жас ұрпаққа дәріптеу М. Мәметова атындағы 
Қызылорда гуманитарлық колледжінде де өз дәрежесінде жүргізілуде. «Жас толқын» жас 
ақындар клубының және «Ә. Қоңыратбаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі» 
кабинетінің жұмыс жоспарына сай жүйелі жұмыстар жасалады. Әр оқытушы өз сабағының 
тәрбиелік мақсатына сай Ыбырай шығармаларының тағылымды тәрбиелік мәселелерін 
қарастырып отырады. Қадыр Мырза Әли ағамыз «Адам болып оңай туғанмен, Адам болып 
қалуың қиын» деп өтсе, Ыбырай атамыз да «Бәріміз бір адамның баласымыз, Жігіттер, бір-
біріңе қарасаңыз» деп мына өмірде баланың ең алдымен Адам болып қалыптасуына зор 
ықпал жасауымыз қажет екендігін байқаймыз. Ыбырай еңбек сүймей, жалқау болып өскен 
адамдар қулық-сұмдықпен күн көруді өзіне мақсат ететінін, ал мұның өзі барып тұрған 
жаман қасиет екендігін, олай болса үлкендер балаларды кішкентайынан еңбекке баулу 
қажеттігін естерінен шығармауынан ескертеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» 
дегендей, жасөспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді семьядағы 
тәрбиемен терең астастырады [3]. 
Оқырмандарының басым көпшілігі жас буын болғандықтан, шығармаларын 
көбінесе әке мен баланың, шеше мен баланың, достардың арасындағы шағын әңгімелерге 
құра отырып, соңында адамгершілік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, 
байсалдық, өжеттік, адалдық жөнінде тәрбиелік тағылымы мол түйіндер жасайды. 
Ыбырайдың өзі айтқандай, «Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, 
бағың өскен соң өзің ғана тілейсің» дегендей, бала жүрегіне нұр құюшы ата-ана мен 
ұстаздың рөлі айқындала түскендей.
Қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген Тәуелсіз мемлекетіміздің білім 
шаңырақтарында жас ұрпақты тәрбиелеуде жан-жақты қолданыстағы Ыбырай еңбектері 
бүгінгі таңда өз құндылығын жоймақ емес.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. С.Мақпырұлы, Т.Сыздықов Қазақ әдебиеті. І бөлім: Оқулық. Астана: Фолиант, 
2007. – 192 б.
2. Ы.Алтынсарин Кел, балалар, оқылық. Өлең, әңгімелер мен мқал, жұмбақтар. – 
Алматы: «Атамұра», 2006. – 168 б. 
3. М.Жармұхамедов Ыбырай Алтынсарин тағлымы: Әдеби-сын мақалалар мен 
зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет