«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК



Pdf көрінісі
бет74/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Мендибаева М.Б.,Тютебаева Ж.У. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары, М.Мәметова атындағы Қызылорда 
педагогикалық жоғары колледжі- Қызылорда қ., Қазақстан 
Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдаса дамуы 
әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру қажеттілігінен туындайды. Білім беру 
реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген 
азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу 
болып табылады деп атап өтілуі білім берудің жаңа ғасырдағы мемлекеттік сұраныс 
екендігін айқындай түсіп, бүгінгі жас ұрпақтың білімді де білікті азамат болып 
тәрбиеленуін талап етеді.
Бүгінде еліміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету 
жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық 
өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Ұстаз алдындағы мақсат – сапалы білім мен 
саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыпастуына ықпал ету. 
Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды 
қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, 
біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау.


223 
Тұңғыш Президентіміз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: 
«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір 
сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, 
Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар 
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана».[1] 
Осы жолдардан ұққанымыздай Әуезов шығармаларының құндылығы күн өткен сайын 
артуда.
Өзім ұстаздық қызмет атқаратын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық 
жоғары колледжі де жан жақты дамыған, бәсекеге қабілетті педагог даярлайтын іргелі оқу 
орны. «Негізгі білім беру» мамандығы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
біліктілігінде жүргізілетін «Қазақ әдебиеті» пәнінде М.О.Әуезов шығармалары міндетті 
түрде оқытылады.
«Қазақ әдебиеті» білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, креативті тіл және әдеби формалар 
арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім 
жаңашыл ұрпақ тәрбиелейді. Әдебиет – жан дүниені, көзге көрінбейтін сезім қылдары 
арқылы ақыл иесі адамды жетелеп алатын дүние. 
Мектепте М.Әуезов шығармашылығын оқытуды тұтастай қарастырып, іргелі еңбек 
жазған Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: 
«Әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең 
қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр 
сабағын адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық 
тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек болады. .. Бүл 
пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге 
, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді». [2] 
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнын аяқтап, мектеп табалдырығын 
аттаған жас маман теориялық және практикалық біліммен толық қаруланғанымен, әлі де 
болса тәжірибесі аз болары сөзсіз. Сондықтан колледж қабырғасында жүрген уақытында 
М.Әуезов шығармаларын жетік меңгеруі тиіс. Мектеп бағдарламасына сай 5-11 сынып 
аралығында автордың М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында», «Көксерек» т.б. 
шығармаларына сабақ жоспарын құрастырып, сабақ кезеңдерінде тиімді әдіс-тәсілдерді 
таңдап, оқушылармен қарым-қатынас жасай білу – ұстаздың құзыры.
«Көксерек» повесі бойынша жұмыстарға тоқталсақ. Шығарманың тақырыбын оның 
идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шындық болмыстан таңдап, толғап алып, 
өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйінін тақырып дер 
едік. 
Жазушы шығармашылық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан 
құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине, бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы да, 
маңыздысы да, маңызсызы да, күрделісі де, кездейсоғы да – бәрі де бар. Осының бәрі -
болашақ шығарманың материалы. Бірақ жазушыны өмірде болатын кез - келген құбылыс 
жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ 
көркем шығармаға негіз болатын да сол - суреткер қызыққан құбылыс. 
Қандай шығарма болсын, белгілі пікірді - идеяны үндейді. Идеясыз көркем шығарма 
болмайды. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада катысушылардың 
араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері - түптеп келгенде, жазушының сол 
шығармадағы айтайын деген идеясына бағынады. «Көксерек» әңгімесінде жазушы 
қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи. қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны 
қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет 
деген ойды білдіреді. Сөйтіп бұл шығармада Мұхтар Әуезов табиғат пен адам арасындағы 
байланысты, түсіністікті негізгі идея етіп көрсетеді. 
М.О.Әуезов "Көксерегі" - реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік 
палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен шақырту 
арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. 


224 
Негізгі тапсырмалар қатарына төмендегілерді орындатуға болады. 
1.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбын, идеясын ашатын мақал- мәтелдерді 
жаз.Мақал-мәтелдердегі көркемдегіш сөздердің астын сыз, түрін анықта. (теңеу, кейіптеу, 
метафора). 
2.Мына сөздердің мағынасын қалай түсінесің? «Көксеректе қазірде бүрын ешқашан 
білінбеген долылық бар еді. Туғаннан бері барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей 
жығылып, домалап жатқан балаға тап берді». 
3. Көксеректің қасқырға тән қасиетін неден көруге болады ? Қасқырға тән деп қандай 
қасиеттерді айта алар едің? (әңгіме бойынша) 
4. Шығарманың сюжетіне сүйене отырып, баяндау реттілігін анықтаңыздар. 
1. Оқиғаның басталуы: 
2. Оқиғаның дамуы: 
3. Оқиғаның байланысы: 
4. Оқиғаның шиеленісі: 
5. Оқиғаның шарықтау шегі: 
6. Оқиғаның шешімі: 
5. Өз ойыңызды жазыңыз. 
Егер адамдар Көксеректі ауылына әкелмей, апанында тірі қалдырса, оқиға қалай 
болар еді? Көз алдыңызға елестетіңіз. [3] 
Сонымен қатар, сыныпты топтарға бөліп, сабақ өту әдісі . Бірлескен топтық жұмыс 
– қазіргі оқыту үдерісінде нәтижеге бағытталған білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді 
жолы. Топтық жұмыс барысында студенттердің қарым-қатынас дағдылары дамиды.
Топтағы бірлескен жұмыстың мақсаты 
Әлеуметтік 
Эмоционалдық 
Танымдық 
Тәжірибе, 
идеялармен алмасу 
Топтық 
жекелеген 
мұшелерінің білімі мен 
тәжірибесіне сүйену 
Жұмыстың 
баламалы амалы туралы 
идеялар табу, пікір алмасу 
Мәселені 
бірлесіп 
шешудің амалын табу 
Күрделі 
тапсырмаларды 
орындау 
үшін 
қолайлы 
орта 
қалыптастыру 
Маңызды дағдылар, 
идеялар, түсінікті дамыту 
Осы топқа бөле отырып, Қ.Бітібаеваның ұсынған әдістеріне негізделген 
тапсырмаларды қарастыруға болады.
«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша: 
І топ: Абайдың қалыптасу, жетілу, кезеңдерін эпопеядағы оқиғаларды жинақтай 
отырып, әр бөлімге тоқтала отырып, кесте үлгісінде көрсет. Абайдың сөйлеу тілінен мысал 
келтіріп, оның образды ашудағы рөліне тоқталыңыз.
ІІ топ: Эпопеядан Абай туралы жылы лебіздерді топта. Ол лебіздер Абайдың қандай 
іс-әрекетіне байланысты айтылған? 
ІІІ топ. Абайдың эпопея бойынша демократтық, гуманистік көзқарастарын дәлелде. 
[4] 
Колледжде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына қарасты «Ә.Қоңыратбаев 
атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі» кабинеті жоспарына сәйкес «М.Әуезов 
шығармаларының тілі және көркемдік ерекшелігі», «Әңгімелерінің негізгі тақырыптары, 
кейіпкерлер әлемі», «READx», прозаларын жатқа айтудан байқаулар, дөңгелек үстелдер, 
пікірсайыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Студенттер «READx» бағдарламасы 
бойынша автордың оқыған шығармаларын талқылап, өз болжамдарын айтып, ой бөліседі. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әдебиетші ғалымдарымен де 
кездесулер ұйымдастырылып, жазушы туындылары, «Абай жолы» роман-эпопеясы кеңінен 
талданып тұрады. Барлық топ «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «Шығармашылық дәптер» 


225 
жүргізіледі. Осы дәптерді студенттер өздері оқыған ақын-жазушылардың шығармаларына 
композициялық талдау жасауда, кейіпкерлеріне мінездеме беруде тиімді падаланады.
Қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат: жастардың өз елінің нағыз патриоты 
бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке 
айналуына септігін, жаңа технология меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып 
қалыптасу. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Елбасы 
Н.Назарбаевтың 
«Болашаққа 
бағдар: 
рухани 
жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы, 2017жыл. 
2.
Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары». – Алматы. 
3.
С.Ч.Тұрсынғалиева, Г.Р.Бәкенова Қазақ әдебиеті: Әдістемелік құрал. – 
Астана: «Арман-ПВ», 2013.
4.
Қ.Бітібаева Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997. 
5.
Қ.М.Байтанасова, С.Ш.Айтуғанова Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу 
құралы.- Астана: Фолиант, 2008. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет