22. Ә. Диваев өзінің зерттеу жұмыстарында неге сүйенді?
А) дәйекті материалдарға
В) кітап, қолжазбаларға
С) ауызша айтылған үлгілерге
D) аңыз-ертегілерге
Е) жыршы-ақындардан жазып алған үлгілерге
23. Халық әдебиетінің ең көрнекті өкілдері деп Орынбай, Шөже, Арыстанбай, Шал, Біржан, Ақан, Ыбырай сияқты ақын, жыршы, әншілердің есімін атай отырып, олардың шығармаларын әрі жинау, әрі жарыққа шығару жайын сөз еткен ғалым
А) С. Мұқанов
В) Ш. Уәлиханов
С) М. Ж. Көпейұлы
D) А. Байтұрсынов
Е) Б. Кенжебаев
24. «...халық әдебиетінде жоғарғылардың кім айтып, кім шығарғандығы анық емесі мәлім болмайды. Ескі білетіндерден кім ұғып жаттап айтса, сол ие болып, бірден-бірге тапсырып жүре береді. Ондай белгілі иесі болмаған сөздер жалпы халыққа ортақ мүлік есебінде қалып отырады» Қай ғалымның пікірінен үзінді берілген?
А) М. Әуезов
В) Ә. Диваев
С) Т. Сыдықов
D) Ш. Ыбыраев
Е) Р. Бердібаев
25. М. Әуезовтің 1924жылы «Жас қайрат (Ташкент)» журналының 4санында жарияланған мақаласы қалай аталды?
А) «Халық ауыз әдебиеті туралы»
В) «Қазақ әдебиетінің тарихы»
С) «Қобыланды батыр»
D) «Билер дәуірінің әдебиеті»
Е) «Қазақ әдебиеті туралы хат»
26. Белгілі орыс түркітанушылары А.В.Васильев, Н.Н.Пантусов жинақтары қашан жарияланды?
А) XX ғасырдың басында
В) XXғасырдың IIжартысында
С) XIX ғасырдың басында
D) XIX ғасырдың II жартысында
Е) XX ғасырдың 90-жылдары.
27. Ә. Марғұлан жұмбақтарды жаратылыс, адам, жасанды зат, еңбек, білім жайында деп қандай жағынан беске жіктеген?
А) тақырыптық жағынан
В) мазмұн жағынан
C) бейнелігі жағынан
D) әлеуметтік жағынан
E) сөз саптау жағынан
Достарыңызбен бөлісу: |