Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет1/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы


ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ
........................................................................................................................................
ДӘРІСТЕР
...............................................
Тақырыбы-1. Жазудың шығуы мен дамуы. графикалық лингвистиканың дамуы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Жазудың шығуы мен дамуы. 2.Графикалық лингвистиканың дамуы
3.Жазу жүйесіндегі таңбалар. 4.Жазудың түрлері:1). Пиктографиялық жазу. 2). Идеографиялық жазу. 3). Буын жазуы. 4). Әріп, дыбыс, жазу.
Дәріс тезисі
Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазудың да түрлері келіп шығады. 1. Пиктографиялық жазу. 2. Идеографиялық жазу. 3. Буын жазуы. 4. Әріп, дыбыс, жазу.
1. Пиктографиялық жазу. Бұл ең алғашқы көне жазудың түрі. Бұны сурет (рисуночное) жазу деп те атайды. Бұл жазудың жеке таңбалары пиктограммалар деп аталады. Себебі олар өздігінен белгілі бір хабарды білдіре алады. Ол сурет жеке сөздерге жіктелмейді, бөлшектенбейді. Оларды әртүрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне алады. Себебі олар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын белгілейді. Жазу тарихына көз жіберсек, адам баласы төрт түрлі жазуды қолданғанын байқаймыз. Мұндай жазулар ағаш, тастардың беттеріне түрлі суреттер арқылы жазылып, алғашқы адамдар өмір сүрген үңгірлерде, тау-тастарында сақталып, бүгінгі күнге жетті. 2. Идеографиялық жазу. Жазудың екінші дамыған түрі -идеографиялық немесе логографиялық жазу. Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлардың оқылуы тәрізді сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Мысалы: «5» деген цифрды орыс та, қазақ та, ағылшын да бірдей ұғады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі. Сонымен идеографиялық жазу дыбысты емес, бүтін сөздің мағынасын білдіреді. Бұл жазу біздің жыл санауымыздан төрт мың жылдан аса уақыт бұрын пайда болған. 3. Буын жазуы. Жазудың дамуы барысында буын жазуы пайда болды. Бір таңба бір буынды белгілейді. Жазудың бұл түрінде таңба буынды белгілейді. Буын жазуы бұрынғы жазуларға қарағанда тілді, әсіресе оның фонетикалық және грамматикалық жағын дәл беруге икемді болды. Ертедегі буын таңбалары біздің заманымызға дейінгі үш мың жылдықтың бас кезінде шумер жазуында пайда болды. 4. Әріп, дыбыс, жазу. Бұл буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде алдымен консонантты дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған да, кейін вокалданған дыбыстық жазу дәуіріміздің бір мың жылдығының басында біздің дәуірімізге дейін пайда болған. Әріп жазуы сауаттылыққа тез жетуге көмектесті. Ол сөздерді ғана емес, олардың дыбыстық бөлшектерін дәлме-дәл беруге, грамматикалық морфемаларды белгілеуге қолайлы болды. Әріп (дыбыс) жазуының пайда болуы дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызды болды. Жазу жүйелерінің ішіндегі ең маңыздысы, қолайлысы осы-әріп жазуы. Ең таза дыбыстық жазу – финикий жазуы. Финикий жазуының ескерткіштері біздің заманымызға дейінгі X-XI ғасырларда пайда болған. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралды. Шығыста финикий жазуы негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазуы жүйелері жасалып таралса, батыста финикий жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан Европа халықтарының әріп жазуы жасалды. Арамей жазуынан араб, иран, еврей, сирия жазулары таралса, грек жазуынан латын, ал латын алфавитінен неміс, ағылшын, француз, испан, славян т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет