Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет152/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Қ-қ-қ-қ- дық-дық – әдемі сандық. Қ-қ-қ-қ - мақ-мақ – сырмақ.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Мынау – киіз үй. Киіз үйде сандық бар. Сандық ағаштан жасалады. Киіз үйде сырмақ бар. Сырмақ әдемі, жылы. Сырмақ жүннен жасалады. Киіз үйде алаша және домбыра бар. (3-4 бала мәтінді қайталайды.)

Сергіту сәті


Орнымыздан тұрайық, Керегені құрайық.
Уық болып иіліп, Киіз үйді құрайық.
Күйіз үй ішінің көрінісі бойынша ойын: «Қайтала, көрсет». Педагог киіз үй ішіндегі заттарды атайды, балалар сөзді қайталап, суретін көрсетеді.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Киіз үйде не бар?

Балаларға сұрақтар бере отырып6 сөйлемдер құрату. Мысалы: Киіз үйде сандық бар.

  1. Суреттерге қара. Атауында «Қ» дыбысы бар заттарды көк қарындашпен қорша. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Дидактикалық ойын: «Мен бес сөз білемін». «Жайлау» тақырыбы бойынша балалар 5 сөз айтады.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 65


Білім беру салалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Әжемнің оюлары.
Мақсаты: қазақ ою-өрнектерінің аттарымен таныстыру;
Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұлттық салт- дәстүрлерге байланысты сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, тілдік және артикуляциялық аппаратты дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет