Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет17/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   171
Тәрбиелік міндеті: ас қадірін білуге тәрбиелеу.

43

Асханада

Мақсаты: білім-дағдыларын бекіту; өткен сөздерді қайталау, бекіту.
Білімділік міндеті: тақпақты зейін қойып тыңдауға, оның ішінен таныс сөздерді табуға жаттықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Диалогке қатысуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: сыпайы, мәдениетті болуға тәрбиелеу.

44

Әжемнің базарлығы

Мақсаты: ұлттық тағам түрлерімен таныстыру. Білімділік міндеті: сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Сөздерді бір-бірімен
байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: тағамдарды қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

45

Нан қайдан келеді?

Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, сөздерін мәнерлеп жеткізе білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып,
сөйлем құрауды үйрету және диалогке қатысып, ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтыру. Тақпақты тыңдап, оның
ішінен таныс сөздерді таба білу дағдыларын дамыту. Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін, артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
(і дыбысы) дұрыс айтуға жаттықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет