Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет43/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   171

Рефлексия


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтау.

  • Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.

Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№9


Білім беру салалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Көгөністер.
Мақсаты: жаңа сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, жаттықтыру.
Білімділік міндеті: тақпақты жаттау, көгөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып, диалог құруға үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде
қолдана білуге үйрету. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларындағы сөздерді белсенді қолдана білуге
жаттықтыру, қарапайым сұрақтарға жай сөйлеммен жауап беру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: көгөністердің қазақша атауларын атайды, диалог құрайды, тақпақты жаттайды.
Түсінеді: көгөністер бақшада өседі.
Қолданады: тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, себет, түрлі түсті жапырақтар, табақ, көгөніс-муляждары, демонстрациялық материалдар, қима материалдар, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар.
Билингвалды компонент: көгөністер – овощи, бақша – огород, қызылша – свекла, орамжапырақ – капуста, дәмді – вкусный, пайдалы – полезно.


ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман себетпен түрлі түсті жапырақтар алып кіреді. Балалармен сәлемдеседі.
Өткен «Алтын күз» тақырыпты қайталау. Аз қимылды ойын: «Кім жылдам?». Педагог себеттегі жапырақтарды шашады, балалар жылдам жинап алады.
Педагог сұрақтар қояды:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күзде ағаштың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі. Жаңбыр жауады. Күн салқындайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет