51
- Мынау өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзің – ізді айттыңыз. Іштегі
ботаны танимын дегенге адам сене ме?
- Енесі бар ма түйенің?
- Туған енесі бар.
- Онда екеуінің де енелерін алдырыңдар. Дауласқан екеу бесті
атандарының енесін алдырады.
Төле: Атанды жығыңдар да тақымына қыл бұрауды салыңдар! - дейді. Жұрт
айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбырды салып,
шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын
жұла-мұла шыңғырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал аларман
саудагердің түйесі орнынан қозғалмайды, жайымен күйсеп тұра береді.
- Оу, халайық, көріп тұрсыңдар, мына жануар шын енесі екен. Не
дейсіздер?
- Рас, хайуан біліп тұр. Төлежан бұл әділдігіңе ризамыз, - деседі жұрт.
Төле саудагерге қарап:
- Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдына
көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла
алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына
шығып шындығыңды айт, - дейді.
- О, халайық, осыдан бес жыл бұрын сахарадан қалаға қайтып келе жатып,
жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен шықтым.
Ботасы аяқтана алмай, жығылып – тұрып жатыр екен. Түйесін алсам, ұрласам
сіңіре алмаймын. Жолда ел көреді. Пәленше саудагер алып бара жатыр дейді.
Менің кәсібім ұрлық емес, саудагерлік. Мына ботаны алып кетсем ешкім
білмейді. Алашаға ораймын да қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан соң
түйе болып шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп, сол ботаны алып кетіп
едім. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, - дейді судагер.
- Төрелігін бидің өзі айтсын! – деп шу ете түседі жұрт.
Сонда бала Төле:
- Өздеріңіз көріп, біліп тұрсыздар, мына жігіт дүниені еңбекпен тауып еді.
Бұл көп алдында беті ашық, жарқырап тұр. Ал мына саудагер еңбексіз тауып,
жұртты алдап, тегін алып еді. Енді мұның беті күйіп тұр. Бұл оқиға кейінгілерге
үлгі. Саудагердің халық алдында масқарасы шықты. Беті қара бет болғаны да,
шарық болғаны да жетеді. Бұдан артық жаза жоқ, - дейді сөзін қорытындылаған
жас Төле.
2. Сөздің көп мағыналығы деген не?
3. Мәтіннен омонимдерді тауып, оның қанша мағынада қолданылатынын
түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: