Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
33-жаттығу. 1. Төмендегі омоним сөздердің мағынасына қарай көркем 
шығармалардан мысал жазыңыз. 
Қыс, кез, сал, қал, тар. 
Бала кезінде: «Біздің өзеніміз бен өңіріміз неліктен Шу деп аталады 
екен», - деп үлкендерден сұраушы едік. Оған жауап та әр түрлі болатын. 
Біреулер: «Өзен кезінде мол сулы болған. Суы сарқырап шулап аққандықтан 
шу деп атаған болар», - десе, енді біреулері «Шудың аңғары маңыраған малға 
толып, шуы құлақ тұндырған, бұл содан қалған ат» - дейтін. 
Дегенімен жұрт не десе де жоғарыдағы дәлелдер сенімсіздік туғызады. 
Өйткені Шу өзені бастауын Қырғыздың Алатауынан алғанымен, біздің 
өңірімізде ешқашан сарқырай алмаған, себебі тау-тас, құз, сарқырама жоқтың 
қасы. 
Енді ғылыми дәлелдерге жүгінсек, «Қысқаша атеистік сөздікте» Шу 
есімін ежелгі Мысыр еліндегі ауа кеңістік құдайының атына теліпті... Алайда 
Шу қайда, Мысыр қайда? Екеуінің арасында қандай жақындық болуы мүмкін? 
Ал халқымыздың әйгілі ғалымы Әлкей Марғұланның кейбір нақты деректері 
бірден көкейге қона кетеді. Оның ғылыми еңбектерінде былай делінген: 


49 
«Қытайдың белгілі тарихшысы Сыма Цянь былай жазған: Күнбатыста Шу атты 
мемлекет бар. Өздерінің әлеуметтік салты Жун елінің салтымен жүргізіледі. 
«Жун» деп отырғаны «Ғұн». 
2. Жартылай омоним дегеніміз не? 
3. Көп мағыналы сөз бен омоним сөзді қалай ажыратуға болады? 
34-жаттығу. 1. Берілген үзіндіден омонимді тауып, лексикалық тәсіл 
бойынша талдаңыз. 
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би». Сөз қасиетін бейнелейтін 
бұл нақылдың қайдан, қалай шыққаны өзінен-өзі көрініп тұр. Тарихи деректер 
мен аңызға қарағанда Майқы би он екінші ғасырдың бірінші жартысында, 
Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген қазақтың атақты биі болған. 
Ертеде он екі би орман ішінде жүрген жас шыңғысты тауып алып, оны 
арбамен үйіне әкелмекші болды. Сонда Майқы би тұрып «Мен ақсақпын ғой, 
Шыңғыспен бірге арбаға мініп отырайын, - дейді. Билер бұған көнеді. Қалған 
он бір би Шыңғыс пен Майқы отырған қол арбаны сүйретіп Шыңғыстың туған 
шешесінің үйіне алып келе жатады. Есік алдына тақала бергенде билер 
«Шыңғыстан соң бірінші болып үйге кім кіреді?» деген сөз шығарады. Олар 
таласа келіп Шыңғысқа жүгінеді. Шыңғыс Майқыға қарайды. Сонда Майқы:
- Әдетте, арбаға жегілген өгіз есік алдында қалып, оны айдаған адам
үйге кірмеуші ме еді? – депті. 
- Сол сол екен, осыдан былай қарай Майқы Шыңғыстың төбе биі 
болыпты деседі.
2. «Лексикалық тәсіл» деп нені айтамыз? 
3. «Бас» сөзіне лексикалық талдау жаса. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет