37-жаттығу. 1. Келтірілген үзінділерден омонимдерді тауып, олардың
мағыналарын түсіндіріңіз.
Төле би
52
Болмаған «жерлестері», «таныстары»
Қайнаған өн бойында намыс қаны,
Далаға ізгіліктің дәнін сепкен,
Төле би – дәуірінің данышпаны.
Шешен тіл қылыштан да ығыспаған,
Жұғысқан сөз жауһары – ырыс маған.
Халқының келешегін көксеген би,
Бірлік пен елдік туын тік ұстаған.
Адалдық айғақтаған арман, даңқын,
Жоғалтпай қазағына қорған қалпын.
Қорғаған жан аямай жоңғарлардан,
Ақтабан, шұбырынды болған халқын.
Жасынан жанып шыққан бала қырғи,
Арманның асуларын алады ылғи
Десек те, көкейтесті мұратына,
Жетті ме қазақтағы екі әділ би?
Өткеннің ұмытылмас тұлғалары,
Жетер ме жер бетінің бір хабары?
Күресіп күн кешкенмен Қарлығаш би,
Қазақтың даласында мұң бар әлі.
Бәсеке, көбік ауыз, көлгір мақтау,
Жер дауы, ру дауы – ең бір көп дау.
Қазаққа Төле биді берген тағдыр,
Төлеге бірлігі бар ел қимапты-ау.
Шығарса жақсылары кезек даңқын,
Қадым боп ұйымдасу қажет бәлкім.
Көсемі бастағанда ілесетін,
Болса ғой бір тұтас та, өжет халқың!
1. Бой – адамның бойы, бой жетіпті
2. Қыл – аттың қылы, бір нәрсені қыл, қылық
3. Қал – денедегі қал, үйде қал
4. Жас – адамның жасы, жылағанда – жас, менен жас
5. Қыр – бір нәрсенің қыры, ағашты қыр
6. Ас – киімді ас, тағам, адам өлгенде ас береді.
7. Мұрат – мұратыңа жеттің бе, адам аты.
2. Тұрақты тіркес деген не және еркін сөз тіркесінен айырмашылығы неде?
53
3. «Қымбат» сөзінің синонимін тап.
38-жаттығу. 1. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |