48
Соңғы жылдары ел
арасында шежіре шығару, әр тайпаның, рудың
батырларын, билерін, бақсы-балгерлерін анықтап, той өткізу, ат шаптырып, ас
беру дәстүрге айналып барады. Тіпті, артта қалған өнегелі қасиетті белгілі ерлік
істері
болмаса да ата, ру атына ие болған адам құрметіне жұрт жинап,
жинағанда да көбінесе, өз аталастарын, руластарын, баталасу да белең көрсете
бастады. Мұның өзі ат-тонымызды ала қашатын рушылдық иесін аңдыта
түскендей әсер қалдырады.
Әлбетте, жетпіс жылдай созылған кеңестік мәңгүрттік
заманда қазақ
халқының жерін қорғап, тәуелсіздігі үшін қол бастаған,
тіпті сол жолдың
құрбаны болған батырлар, жол көрсеткен билер, сұлтандар жөні бір бөлек. Рас,
олардың қай-қайсысы болса да белгілі бір ру, тайпадан шыққандығы даусыз.
Мәселен, қаракерей Қабанбайды,
қанжығалы Бөгенбайды, шапырашты
Наурызбайды... бүкіл қазақ халқы өзінің ұлттық батырлары ретінде ардақтайды.
Мұнда қаракерей,
қанжығалы, шапырашты олардың ру аттары немесе қазіргі
тілмен айтқанда фамилиялары екендігіне көп жұрт онша назар аудармайды,
рушылдықты көре алмайды. Бұл бір жағынан дұрыс та. Ресей мұрағаттарында
азды-көпті із қалып, кейінгі сұрар, іздер ұрпағы бар ұлы бабаларымыз жайында
баспасөзде
мақалалар жазылып, теледидарларда хабарлар беріліп, кітаптап
шығарылып,
тойлар өткізіліп, еске алынып жатқандығына да шүкір. Алайда,
Ресейден шалғай жатқандықтан, кіші жүзбен орта жүзге қарағанда осы
патшалық империяға 130 жылдан кейін қосылған Оңтүстік Қазақстан жайында
мұны айту қиын. Рас, күнгей атыраптан исі қазақ баласына түгел белгілі,
Алатаудай алып тұлғалы Төле би ғана соңғы жылдары қалың халық құрметіне
бөлене бастады.
2. Полисемия дегенді қалай түсінесіз?
3. «Аяғыңа қарамай, басып алдың қарамай», - деген
мысал омонимнің қандай
түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: