алаңының үстінде қалың камыс
төсеп, кырықтаған адам
қазанды қоршай отыра қалдық. Қуанышты қабысу
қошеметіне арналған от жалыны лаулап
аспанға көтерілді. Әр жерге
сүймендер кадалып, «жарқанат фонарьлар» асылған еді, қос маңы бейне бір
түнгі думан алаңындай жап-жарық болды да кетті. Мұз бетінде ойнаған
қызғылт сәуле толқындай тербеліп, толықси көшумен болды. Мен төңіректі
енді ғана байқадым. Қос маңын қоршай, мұз
бетіне ақбалық жайып тастаған
екен.
Қабыршақтары от
сәулесін өзіне тартып, бейне бір күміс теңгедей
жалт-жұлт етеді. Қазанқап ағай бастаған төрт жігіт ұзындығы екі кұлаштай
бір үлкен
бекірені зорға көтеріп әкеп, от басына сұлата салды. Жоны қара
коңыр, бауыры ақтан гөрі қызғылт сарылау теңіз алыбы айыр
құйрығын екі
қабырғасына қайыра соғып, тулап-тулап алды да, теп-тегіс бауырын мұзға
төсеп, тыныштала бастады. Енді тек анда-санда ғана ақырын бір қозғалып,
отқа таман жылжи түседі. Дәл қыр арқасына, қабырға
орталығына және
кабырға мен
бауырының түйісер тұсына алды аласа, арты биік үшбұрышты,
өткір сүйек тікенектер тамақтан кұйрыққа дейін ұзын жолақ тартып алған
екен, бейне бір сауытты алыптай дөңкие қалыпты.
Жонына құшақ жетер
емес. Тамақ астындағы дөңгелек аузын тамсана, солғын кызғылт мұртын
мазасыз кимылдатады. Сүймен ұшындай өткір шеміршек тұмсығын
денесімен бірге қозғап, жылжыған сайын дәу
тұлғасында пропорционалдық сәйкестігі
жоқ,кішкене ғана шөлмек көздер от сәулесімен ұштасып, жалт ете
қалады
.. (Ә. С. ).
Грамматикалық мағынаның көмекшілер арқылы берілуі Тілдің даму барысында біралуан сөздер өздерінің бастапқы лексикалық
мағыналарынан айырылып, әр түрлі грамматикалық мағыналар білдіретін
болып қалыптасқан . Оларға: 1) шылаулар 2) көмекші есімдер 3) көмекші
етістіктер 4) модаль сөздер 5) күшейткіш көмекшілер 6) күшейткіш
буындар жатады.