Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


 Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні



бет20/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
19. Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі, ана тілі пәндерінде мақал-мәтелдерді оқыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа қызығушылықтарының артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, мақал-мәтелдер оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Мақал-мәтелдер оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар ана тілінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның өзі мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мақал-мәтелдерді меңгеру барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді. Сондықтан оқыту барысында мақал-мәтелдерді қолдану – қазақ тілі, ана тілі пәндерін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жана технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет