Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары



бет17/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Оқыту міндеттері
-қазақ тілін үйрету заңдылықтары мен әдістемелік ұстанымдары
-бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұны мен оқыту жүйесі
-сауат ашу әдістемесі
-оқуға үйрету жолдары
-грамматиканы оқыту әдістемесі
-жазуға үйрету
-тіл дамыту
17.Үстеу, оның түрлері. Бастауыш сыныпта үстеуді оқыту жолдары 
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы, ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірме сіңісіп, көнеленуі арқылы.
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай 
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, 
-шама, -шалықсоншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, 
күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), 
Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулерертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т.б.​​​​​​​
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т.б.​​​​​​​
Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т.б.​​​​​​​


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет