Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар



бет25/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
24.Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар.
Қазіргі білім беру жоғарғы технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект – субъекті қарым – қатынастың басымдық танытумен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда. Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің технологиясын жақсарту – қоғамның мәдени сана – сезімін және оның экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының, сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана жəне сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте мұғалімнің дұрыс қойған талаптары мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тəртіптелген жүйесі оқушыны саналылықпен білім алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы толыққанды жүзеге асуында келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілінің жазу жəне сөйлеу заңдылықтарын іс-тəжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады жəне біртіндеп дамуына ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша жəне жазбаша тілі даму үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жана сатыдағы дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқытушының басшылығымен меңгерілген танымдық əдістермен тоқтап қалмай, оларды қолдау мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауы мен сөйлеу тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болып табылады. Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа алынады.
Қазақ тілін оқытуда талдау əдісін оқушыға дұрыс үйрету арқылы қазақ тіліндегі дыбыстарды, сөз құрамын, сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін т.б. өз бетімен анықтай білу дағдылары қалыптастырылады. Тіл үйренуде байқалатын түрлі заңдылықтар мен құбылыстарға бақылау жасату барысында жеке талдау жасатудың мəні зор. Талдау əдісін орынды, белгілі бір тəртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында, тіл үйренушінің теориялық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет