Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары



бет7/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Сұрақ-жауап әдісі 
Сонымен, ынталандыра оқыту әдістері оқушының тіл үйрену мүмкіндігіне оң әсер етті. Қатысым, қайталау әдістері оқушының алған білімі мен дағдысын қалыптастыру, пысықтау, ойды жаңғырту мақсатында қолданылды. Оқыту әдістерінің ішінде кең қолданысқа ие болып отырғаны – сұрақ-жауап әдісі. Бала танымының қалыптасуына негіз болатын да сол сұрақ-жауап. 
Қарастырылған бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін ынталандыра оқытудың бұл әдістері мен тіл үйренудің уәждері арқылы оқушының білім, білік, дағдылары дұрыс қалыптасатындығы бағамдалды. 
Оқушыларға үндестік заңын дамытуда қатысым әдісінің маңыздылығы ерекше. Қатысым әдісі оқушыға фонетикалық заңды игертуде жүргізілетін әдістермен байланысты. Әдістің бұл түрі оқушы сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне жаттықтырылады. Қатысым әдісі ауызша тіл дамыту жұмысында, содан соң жазбаша сөйлеу тілін дамытуда атқарылатын жазба жұмыстарында кеңінен қолданылады. Қатысымдық әдіс жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістерін бірлікте іске асырып, жазбаша тіл дамытудың сапасын жақсартады.
«Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі – тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету», – деп анықтайды Ф.Ш.Оразбаева. Бұл белгі зерттеуде басты назарға алынды. Осы әдіс оқушыны табиғи жағдайдағы тілдесім үлгілеріне үйретуде нәтижелі болды. Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен үйретілді: жұптық, топтық, ұжымдық. 

7. Жазуға үйретудегі ұстанымдар. Көркем жазуға қойылатын гигиеналық талаптар.


Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатынзаттың суреті салынады.Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.
Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б.
Гигиеналық талап дегеніміз – оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы Жазудың айқын таза болуы үшін , ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ , сия сормайтын ) болуға тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады . Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу , әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу , дәптердің түп жағынан ( 10 – 15 мм ) , оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру , біркелкі көркем жазу талап етіледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет