жеңілмес еді». Алты бақан алауызболғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тап- сырдым!». Көз алдыңызға көкірек кенересін даналық кемсерген, әулие-абыз қа- рияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір- дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек- сіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді. Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңір- ді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін- се, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эс- селік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай. « – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң- қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ бас- қандай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? «Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты