жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер
кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі
бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын
жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап
күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай
мәселесі тасада қалуда. Осыған байланысты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
ұйымдастыруымен еліміздегі тіл жанашырлары қатысқан «Шетелдердегі
қазақтардың ана тілін сақтау мен өрісін кеңейту жолдары» атты дөңгелек үстел
болып өтті.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бүгінгі көтеріп отырған
мәселесі — елімізде кезек күттірмейтін, маңыздылығы орасан зор мәселе.
Меніңше, билік басындағылар бұл мәселенің осыншама маңызды екенін
сезінбейтін секілді. Қазақтардың көп шоғырланған жері — Ресейдің де,
Қытайдың да сол елдердегі қандастарымызға жасап отырған саясаттары —
ассимиляцияға шұғыл айналдыруға бағытталған саясат. Сол елдерде қаншама
мектеп болған, бүгінде сол мектептердің барлығы жабылып, сол жүздеген
мектептің орнына бір-екеуін ашқандай болып жатыр. Қытайда қазақша оқу
бастауыш мектеп деңгейінде ғана қолданылады. Бұны да айтпай кетуге
болмайды. Бұның зардабын уақыт өткеннен кейін көретін боламыз. Өйткені
кейін өз тілдерін мүлде білмейтін немесе өте нашар білетін бірнеше миллион
ұрпағымыз пайда болады. Яғни бұл — үлкен мәдени дағдарысқа апаратын
жағдай. Сол себептен қазірден бастап мұның алдын алғанымыз жөн.
Оралмандар мәселесін айтқан кезде, елге көшіру мәселесін ғана айтпауымыз
керек. Сол шетелдердегі тіл мәселесіне, білім-ғылым мәселесіне бей-жай
қарамауды үкіметтен талап етуіміз керек. Кейінгі кезде күрделене бергеннен
кейін бұл мәселе біраз жөнге салына бастаған сияқты. Бірақ шетелдегі
қазақтың барлығы толығымен елге оралмасы анық. Өйткені өз ата-бабалары
жерінде отыр. Бұны сырттағы мемлекеттердің өздері мойындауда. Шыңжаң
автономиялы ауданындағы ең құнарлы, ең жайлы, табиғаты тамаша,
экологиясы керемет жер қазақтарға тиесілі. Мысалы, Қытайда қазақтар алты
аймақта тұрады. Сол алты аймақтың төртеуіне Іле, Баркөл, Ақсай, Моры деп
қазақша атау берілген. Ал қалған екі аймақ қазақша атаумен аталмаса да, ол
жерлерде қазақтар басым. Яғни қазақтың жері екенін қытайлардың өздері
мойындап отыр. Тағы бір мәселе — шеттегі қандастарымызға ақпараттық
жәрдем, білім беру мәселелерін қолға алу жөнінде арнайы үкіметтің қаулысын
шығару туралы билік өкілдеріне талап қойсақ. Себебі қаржыға басқалай жолмен
қолымыз жетпейді. Шетелде орталықтарды ашуды басқа емес, «Қазақ тілі
қоғамы» көтеріп, жоғарыдағы шенеуніктерге жол көрсету керек
Достарыңызбен бөлісу: