40. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға»
өлеңінде көтерілген мәселені бүгінгі күнмен үндестіре
талдап жазыңыз.
АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ
INSAGRAM @11bjb.tjb
https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01
Өзім шетелде білім алып, шеттегі қазақ жастарының жай-күйімен етене танысып
келгендіктен, сол жайттарды ортаға салмай, үнсіз қалуды жөн санамадым.
Еуропадағы қазақ бауырларымыздың басты проблемалары — шеттегі қазақтарға
қазақ тілінен дәріс беретін маманның жетіспеушілігі. Осы мәселеге қатысты біз,
жастар, бұрын да бастама көтерген болатынбыз, алайда қолдау болмаған соң,
аяқсыз қалды. Сондай-ақ, шетелде жүргенде менің байқағаным, қай елдегі
қандастарымыз болмасын, тек орта буын өкілдері ғана қазақ тілінде еркін
сөйлейді. Ал кейінгі толқындары ауызекі қатынас тіл ретінде көбінесе өздері өмір
сүріп отырған елдің тілін қолданады, қазақшаға шорқақ. Мысалы, Германиядағы
жастар немісше, Франциядағы жастар французша сөйлейді. Сондай-ақ, шет тілін
игергенде бір нәрсеге ерекше зер салу маңызды, ана тілінің негізі мықты болу
керек. Қаншама басқа тілді меңгерсе де, сонда ғана өз тілінің жанашыры боп
қалады. Сонымен қатар өзге тілді қабылдау да жеңіл болады екен. Себебі басқа
тілді игеру аударма арқылы келетін дүние ғой. Екінші мәселе — шетелдегі қазақ
балаларының ана тілін меңгерулеріне жағдай жасау, қолдау көрсету. Олардың
барлығын көшіріп әкелу мүмкін емес, алайда сол шеттегі қазақ балаларының ана
тілдерінен ажырап қалуына жол бермеуіміз керек. Қазақ тілінің шетелдердегі өрісі
туралы айтқанда, мынадай үш арнаны бөліп көрсетуге болады. Бірінші өріс –
елімізбен іргелес елдердегі қазақтар мен алыс шетелдердегі қазақ
диаспорасының тілі. Шетелдегі қазақтарды былайша екіге бөліп
қарастыруымыздың мәні бар. Олардың барлығын бірдей диаспораға жатқызуға
болмайды. Ресейдегі, Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы қазақтардың
басым бөлігі өздерінің байырғы ата-бабасының жерінде мекендеп жатыр.
мүмкіндік туып, бұл атқарылған жұмыстардың тиімді әрі нәтижелі болуына жол
ашар еді. Сондықтан Қазақстан Үкіметіне шетелдердегі отандастарымызбен
қарым-қатынас жасайтын, оларға қолдау көрсететін арнайы ресми агенттік құруды
ұсынамыз. Осы кезге дейін де Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының
орынбасары Сұлтанәлі Балғабай да баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде
құзырлы органның қажеттігін алға тартқан еді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақтар молырақ қоныстанған шет
мемлекеттерде «Абай» үйлерін ашу туралы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Осы
бағыттағы жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесе отырып, алдағы уақытта да
жалғастыра беру керек. Қазіргі кезде Моңғолияның Баян Өлгей өңірінде, Қытайдың
Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университеті жанында Абай орталығы
жұмыс істейді. Сол секілді Германияның Гумбольд университетінде қазақ тілі
кафедрасы, Ереван мемлекеттік университетінде Қазақ тілі, тарихы және
мәдениеті орталығы, Баку мемлекеттік университетінде Абай атындағы Қазақ тілі,
тарихы және мәдениеті орталығы, Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік
университетінде Қазақ тілі мен мәдениет орталығы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ,
Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте де
қазақ тілін үйреніп жүрген поляк студенттері бар.
Осы тектес орталықтар шетелдегі қандастарымыздың бас қосатын, ана тілдерін
үйренетін орны болуымен бірге, қазақ тілі мен мәдениетін өзге елдерге де
насихаттауға, еліміздің имидждік саясатын жүргізуге, сөйтіп, мүдделес елдерде
мәдени, экономикалық өрісін кеңейтуге де ықпал етер еді. Дипломатияның мұндай
мәдени бағыттағы түрін әлемнің бірқатар дамыған елдері табысты қолдануда.
Қытайдың Конфуций орталықтарын, Германияның «Гете» институтын, АҚШ-тың
ЮСАИД ұйымын, Оңтүстік Кореяның, Жапонияның, Ұлыбританияның,
Францияның, Испанияның осы тектес ұйымдарын алсақ, олардың қай-қайсысы да
өздерінің мүдделерін ілгерілету мақсатында шетелдерде мәдени орталықтар
желісін ашқан. Біз де осындай әлемдік тәжірибені тиімді пайдаланудан
қашпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: