«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала



Pdf көрінісі
бет116/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала 
перзентімін» 
деген сөзді былай сипаттаған: 
Бірге жылап, 
бірге күліп ұлы елмен, 
кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем! 


Ол да – жалғыз, 
сен де – жалғыз, 
бірақ та, 
оны – сен деп, 
сені – ол деп білем мен! –деп, лирикалық кейіпкерді даламен егіз 
етіп бейнелейді. 
Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің 
әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. 
Сондықтан «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын 
Ұлы Октябрь солдаты!..», «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге – 
болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын 
Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын 
өкінішін аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкініші – мен де тарихта аты 
қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды 
тигізер едім деген арман-тілек.Кеңес заманында таптық ұстанымға 
сүйенген зерттеушілер кеңістік пен уақытты тек тарихи уақыттың 
ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір уақыт пен кеңістік 
мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде. Кеңес 
өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын 
қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік 
жолында «халық жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш 
арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой тапқырлығы 
айқын: 
Туған дала, 
менсіз талай қамалдар 
алыныпты!.. 
Сенің арың – 
маған да ар. 
Кешір мені, 
Кеш келіппін өмірге! 
Кеш туыппын! 
Кеш қалыппын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет