Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы
әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды
ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және саланы стратегиялық жоспарлау арқылы
саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.
Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын
туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру,
қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға инвестицияларды ұлғайту, ішкі және
халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік
саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен
өнімдердің қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін
арттыруға бағытталған.
Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді
рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне
қажетті қолдауды етеді.
Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай
жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне
жетуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды талдау және Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында
саланың негізгі проблемалары айқындалды және Мемлекеттік бағдарлама арқылы
шешілуі тиіс басты міндеттер анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: