интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады.Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Математика пәні адамның ой - өрісін, ойлау, талдауқабілетін дамытады және білім қазынасын игеру, әсіресе математи каны оқыту, оқып -үйрену дәйектілікті, табандылықты, сонымен бірге қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, барлық оқушыларды жүйелі дайындықсыз жоғары нәтиже көрсету мүмкін емес . Оқушыларды сырттай мемлекеттік бақылауларға дайындауда пән мұғалімі математика пәніне деген өзінің көз қарасын түсіндіріп жеткізуі және математиканы санақ жүйесі немесе қандайда-бір өлшеуші құрал ретінде қана қарастырмай, біріншіден ғылым екендігін түсіндіріп, ал екіншіден кез келген
оқушы жігерлік танытып, бар күш-қайратын салып талаптанса ғана