«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


«Еңбек нарығына сай мамандық таңдау



Pdf көрінісі
бет132/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

49. «Еңбек нарығына сай мамандық таңдау 
маңызды» тақырыбында өз ойыңызды дәйектеп 
жазыңыз. 
АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ
INSAGRAM @11bjb.tjb
https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01
 
Мектеп түлектерінің дұрыс бағдар алып, мамандықты дұрыс таңдауына өз 
ықпалын тигізіп жүрген маман, филология ғылымдарының кандидаты, әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Алмагүл 
Құрманбаеваның айтуынша, жастардың мамандықты дұрыс таңдамауы бұл 
мәселенің бірден-бір себебі бола алады. 
"Тағы бір жылды артқа тастап кезекті ҰБТ-ның уақыты жақындап қалды. 
Жастардың алдында "Қайда барамын, кім боламын?" деген сауал тұрғаны рас. 
Мамандық таңдау бұл өміріміздің ең күрделі шешімдерінің бірі. Мамандық 
таңдар алдыңда "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс 
істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?", деген 
сұрақтарға жауап беріп, ойланғаны дұрыс. Ол үшін әрбір жоғары оқу 
орындарында жылына 2-3 реттен ашық есік күндері болады. Кәсіби бағыт-бағдар 
беретін мамандар оқушылармен, талапкерлермен түсіндеру жұмыстарын 
жүргізіп отырады. Сол адамдардың кеңесіне жүгініп, білмейтін тұсын сұраса 
құба-құп болар еді. Мамандық иесі болып шығу үшін ЖОО дипломын алу аздық 
етеді. Ол үшін әрбір түлектің бойында қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен 
талапкершілік қасиеттері болуы керек", - дейді Құрманбаева. 
Айтуынша, қазіргі таңда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа 
салада жұмыс істеп жүрген жастар өте көп. 
"Кеше ғана педагог мамандығын бітіріп, сатушы болып немесе дәрігерлік 
дипломы бар жас маман жүйке ауруынан қандай дәрілерді жазып беруді білмей, 
Интернеттен іздеп отырған жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Бұл өз 
таңдауымызды кезінде дұрыс таңдамағанымыздың кесірі. Сондықтан, 
жасөспірімдер мен олардың ата-анасына айтатын кеңесім, балаларыңызбен бір 
күн емес, жылдар бойы қандай мамандықты таңдағысы келеді, сол жөнінде 


жұмыс жүргізсеңіздер екен. Бірінші ҰБТ тапсырып алсын, соның балына қарай 
көрерміз, деген сылтауды ересектер тарапынан көрсетілген енжарлық дер едім. 
Өйткені балаға дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың міндеті. Мектепті бітірген 
бала ол өмірге енді аяқ басқалы тұрған сәби секілді, оған дұрыс бағдар беру 
керек", - дейді ол. 
Құрманбаеваның сөзіне қарағанда, жастардың көбі өз қалауын әлі күнге дейін 
білмейді. Бірен-саран алдына нық мақсат қойғандары болмаса, басым бөлігі ата-
ананың айтқан оқу орнына құжаттарын тапсырады. 
"Мамандық таңдау кезінде ата-ананың рөлі басымырақ түсіп жататыны 
бесенеден белгілі. Қазір ата-аналар көбінесе экономистік және заңгерлік 
мамандықтарды балаларына тықпалай береді. Ол баланың сол мамандық иесі 
болу құлқы бар ма, жоқ па онымен санаспайтын да болғанбыз. Кейде 
оқушылардан қандай оқу орнын таңдадыңыз деп сұрай қалсаңыз"мамам дәрігер 
боласың деді" деген жауапты аласыз. Бала өз таңдауымен сүйіп келген 
мамандығы болмаған соң, ол да кеттім-бардым оқып, әйтеуір бітіріп шығады. 
Дипломды ата-анасына әкеліп береді. Содан кейін ата-ана жүгіріп жүріп ол 
баланы мамандыққа мүлде жарасы жуыспайтын жұмысқа орналастырады. 
"Әйтеуір жалақы алып жүрсе болды" деген көзқарас. Сондықтан қазіргі таңда 
елімізде өз жұмысын тыңғылықты орындай алмайтын, оның байыбын аяғына 
дейін толық түсінбеген жас мамандар барлық салада жұмыс істеп жүргенін көріп 
жүрміз", - деді Құрманбаева. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет