«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес



Pdf көрінісі
бет128/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Байланысты:
«?àçà? ò³ë³» ï?í³íåí æàðàòûëûñòàíó-ìàòåìàòèêàëû? áà?ûòòà?û ýññå

және интерактивті болып екіге бөлінеді. Интерактивті жүйе дербес 
компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар 
кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында 
екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты 
қамтамасыз етеді. Олай болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын 
техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере 
отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе 
интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың 
жүйелі әдісі деп санауға болады. 
Қазіргі кезде компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің 


мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын 
көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғышарттар болып табылады. 
 
 
45. «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» мәселесі 
бойынша өз ойыңызды пайымдап жазыңыз. 
АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ 
INSAGRAM @11bjb.tjb 
https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01
 
Табиғат ежелден бері адамға қызмет етіп келеді, бұл оның өмірінің қайнар 
көзі. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қоршаған ортамен үйлесімді өмір 
сүрді және оларға табиғи байлық шексіз болып көрінді. Бірақ өркениеттің 
дамуымен адамның табиғатқа араласуы арта бастады. Мыңдаған түтінді 
өнеркәсіп кәсіпорындары бар ірі қалалар бүкіл әлемде пайда болып жатыр. 
Олардың қосалқы өнімдері біз дем алатын ауаны, ішетін суды, астық пен 
көкөніс өсіретін жерді ластайды. 
 
Ғылыми-техникалық прогресс адамзат алдында бұрын-соңды кездеспеген 
бірнеше жаңа, өте күрделі мәселелерді қойды. Олардың ішінде адамды 
қоршаған ортамен байланыстыратын қарым-қатынас ерекше орын алады. 
ХХ ғасырда табиғатқа ауыртпалық көбеюдің 4 есеге және әлемдік өндіріс 
көлемінің 18 есеге өсуімен байланысты болды. Ғалымдардың айтуы 
бойынша, 1960-1970 жылдар аралығында адамзаттың әсерінен болатын 
экологиядағы өзгерістер бүкіл әлемде пайда болды, яғни планетаның 
барлық түкпіріне әсерін тигізді, сондықтан да бұл мәселелер жаһандық 
сипатқа ие бола бастады.
Жыл сайын өнеркәсіп атмосфераны шамамен 1 трлн тонна шаң мен басқа 
да зиянды заттармен ластайды. Көптеген қалалар түтіннен зардап шегеді. 
Кең ормандар кесіліп, өртеніп жатыр. Олардың жоғалуы оттегінің тепе-
теңдігін бұзады. Нәтижесінде, жануарлардың, құстардың, балықтардың 
және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері мәңгіге жоғалып, бірқатар 
өзендер мен көлдер құрғап кетті. Ауаның және дүниежүзілік мұхиттың 


ластануы, озон қабатының бұзылуы адамның табиғатпен рабайсыз 
араласуының нәтижесі болып саналады. Ал бұл – экологиялық 
дағдарыстың белгісі. 
Экологияны қорғаудың маңызын түсінсек, оны сақтап қалудың шараларын 
қарастырайық:
Біріншіден, су және жарық энергиясын үнемді пайдалану. Бұл табиғатқа ғана 
емес, сіздің әмияныңызға да пайдасын тигізеді. Яғни, барлық электр 
құрылғыларын өшіріңіз, ұйқы режімінде де компьютер қуатты тұтынады, 
үйден шыққан кезде әрдайым шамдарды сөндіргеніңізге көз жеткізіңіз, 
энергия үнемдейтін шамдарға ауысыңыз, үйдегі барлық сантехниканың 
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, өйткені күніне 20 литрден астам су ағып 
кетуі мүмкін. 
Екіншіден, қағазды үнемді пайдалану. Біз көбінесе қағаздың ауадан 
шықпайтынын және қажет емес баспалардың бәрі ағаштардың қира-
ғанынан пайда болғанын ойламаймыз. Сондықтан бір нәрсе басып 
шығармас бұрын, оның қаншалықты маңызды екені туралы тағы бір рет 
ойланыңыз. Қазір билеттерді телефон экранында көрсету жеткілікті, бұл 
үшін арнайы электронды билеттер іске қосылған. Әрине, ағаш отыр-
ғызуыңыз да әлемге кішкене болса да пайдасын тигізер еді. 
Үшіншіден, полиэтиленді пакеттерден арылу. Әрине, бәріміздің үйімізде 
әйгілі «пакеттері бар пакет» бар, яғни бір пакеттің ішіне 100 пакет салып 
қоямыз ғой. Қане, шындыққа тура қарайық, полиэтиленді пакеттер 
қоршаған ортаға зиянды, сондықтан дүкенге барарда үйіңізден ескі пакет-
терді алып шығуға тырысыңыз және сол пакетті жыртылғанша қолда-
ныңыз. 
Төртіншіден, пластикті қолданыстан шығарып тастау. 2015 жылы АҚШ-тың 
Джорджия технологиялық университетінің профессоры Дженна Джамбек 
пластикке қатысты «Тек жағалауларда ғана жыл сайын 12,7 миллион 
тоннаға дейін қалдық жиналып қалады. Дүние жүзі бойынша жағалауларда 
әр қадам басқан сайын іші қоқысқа толы 15 полиэтилен пакетінің шашылып 
жатқанын елестетіп көріңізші. Ал сол қалдықтардың биоыдырауға ұшырап, 
толықтай жойылып кетуі үшін орташа есеппен 450 жыл қажет», деген 
сенсациялық мәлімет таратты. Сол себепті, пластикті қолданыстан мүлдем 
алып тастау қажет. 
Табиғи ортаның ластанбауына адамдардың терең түсінік-пайымы керек. Біз 
қоршаған ортаны қорғаймыз десек, балабақшадан бастап экологиялық 
тәрбиені үйреткеніміз дұрыс. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының 


бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі 
жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді. 
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет